18.05.2009, 15:32 4863

Алматыда "Абайлаңыз, балалар!" атты алдын алу іс-шарасы басталды

Алматыда "Абайлаңыз, балалар!" атты алдын алу іс-шарасы басталды

Алматы. 18 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "Абайлаңыз, балалар!" атты алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ІІД ЖПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматыда жыл басынан бері балалардың қатысуымен 82 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 1 бала қайтыс болды, 85 жарақат алды.

"Статистика көрсетіп отырғандай, жол апаттарының көбі 7 мен 14 жас аралығындағы балалардың қатысуымен орын алады. Осыған орай, Жол полициясы басқармасы "Абайлаңыз, балалар!" іс-шарасын жыл сайын өткізіп тұруды жөн көрді",- дейді Алматы қалалық ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Мұхтар Аманбеков.

ҚР ІІМ-нің бастамасы бойынша Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен жалпы білім беретін мектептердің 1-8 сыныптары үшін міндетті түрде жол қозғалысы ережелерін оқыту бағдарламасы енгізілді.

"Аталмыш алдын алу іс-шара барысында жол полициясы басқармасы балалардың жолдарда жарақаттануының алдын алу мен олардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының шықпауы үшін БАҚ арқылы және автокөлік жүргізушілерінің арасында кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қоса, мектеп оқушылары арасында "Менің полициям" тақырыбында шығарма жазуда байқау ұйымдастырылады. Енді, білім беруші мекемелерге, адамдар, әсіресе балалар көп шоғырланатын жерлерде балалардың бейнесімен арнайы макеттер қойылатын болады",- деді М.Аманбекұлы.

Айта кетерлігі, қалалық Жол полциясы басқарамасы үгіт-насихат жүргізуге білім беру мекемелерге, қоғамдық, жастар ұйымдарында арнайы белсенді тобының құрылуына ұсыныспен шығып, қала ішінде үгіттеу жұмыстары жүргізіледі.

Жергілікті атқару органдарымен, КСК төрағаларымен бірлесе отырып, тұрғын аймақтарда, аулалардың аумағында, балалар мен спорттық алаңдардың маңында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтармен кездесулер (жиындар) өткізіледі.

"Абайлаңыз, балалар!" атты алдын алу іс-шарасы мамырдың 25-не дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны