10.06.2010, 16:04 3039

Алматыда адам өлтірді деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды

Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, 53 жасар Өзбекстан азаматы Алматыға жұмыс іздеп келген. Қысқа уақыт ішінде ол үш жеке меншік құрылыс нысандарында жұмыс істеп, соңында жұмыссыз қалған.

Алматы. 10-маусым. Kazakhstan Today - Алматыда адам өлтірді деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, 53 жасар Өзбекстан азаматы Алматыға жұмыс іздеп келген. Қысқа уақыт ішінде ол үш жеке меншік құрылыс нысандарында жұмыс істеп, соңында жұмыссыз қалған.

"Үстіміздегі жылдың 17 наурызында Бостандық ауданында бір еркекпен танысып, әңгімелері спирттік сусын ішумен жалғасқан. Көршілес елдің азаматы өз танысының қалтасындағы ақшаны көріп, қылмысқа барған",- деп хабарлады Алматы қаласы ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Аманкелді Шідерқұлов.

Қылмыс жасағаннан кейін ол бой тасалаған. Полицейлердің жан-жақты жұмыстарының арқасында қолға түскен қылмыскер қазіргі уақытта кінәсін толығымен мойындап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны