08.07.2009, 17:16 2816

Алматыда адам ұрлады деген күдікпен қаржы полициясының қызметкері мен стажер ұсталды

Алматыда адам ұрлады деген күдікпен қаржы полициясының қызметкері мен стажер ұсталды

Алматы. 8 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда адам ұрлады деген күдікпен қаржы полициясының қызметкері мен стажер ұсталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Алматы қалалық ҰҚКД баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

"2009 жылдың 8 маусымында Алматы қалалық ҰҚКД қызметкерлері Алматы қалалық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің инспекторы, қаржы полициясының аға лейтенанты Р. Тоқпанбетов пен осы бөлімшенің стажеры Н. Базгеновтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Олар бір әйелден оның күйеуіне қатысты процессуалдық сипаттағы шараларды қолданбау үшін 1,5 млн теңге бопсалаған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Белгілі болғанындай, осы жылдың 8 маусымына қараған түні Р. Тоқпанбетов пен Н. Базгенов жәбірленушінің ізіне түсу арқылы қару көрсете отырып қорқытып, оның көлігін тексеріп, сосын қолына кісен салып, өз жеке көлігіне отырғызып, ақшаны бергенше қамауда ұстаған", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Р. Тоқпанбетов пен Н. Базгенов сол күні 4 мың доллар көлемінде заңсыз сыйақы алып жатқан сәтте ұсталды.

Бұл деректер бойынша, Алматы қалалық ҰҚКД-нің тергеу басқармасы Алматы қалалық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің аталған қызметкерлерінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 308-ші бабының 4-тармағының "а", "б", "в" тармақшалары бойынша (билігін немесе лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану) және ҚР Қылмыстық кодексінің 125-ші бабының 2-тармағының "а", "г", "з" тармақшалары (пайдакүнемдік ниетте қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып адам ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны