28.09.2009, 15:17 2925

Алматыда адам ұрлау жөніндегі айыппен ұсталған ҰҚКД қызметкерлері қатысты іс бойынша тергеу жалғасуда - ІІМ

Алматыда адам ұрлау жөніндегі айыппен ұсталған ҰҚКД қызметкерлері қатысты іс бойынша тергеу жалғасуда - ІІМ

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда адам ұрлау жөніндегі айыппен ұсталған ҰҚКД қызметкерлері қатысты іс бойынша тергеу жалғасуда. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"23 қыркүйекте Бас әскери прокуратураның нұсқауына сәйкес Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментінің екі қызметкері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132-бабының тәртібімен ұсталды, ал 25 қыркүйекте Алматы гарнизонының әскери соты оларды қамауға алу туралы санкция берді. ҰҚКД-нің үшінші қызметкеріне ешқайда шықпау туралы қолхат берілді. Осы қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда",- деді Қ.Жұманов.

ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісінің хабарлауынша, "ағымдағы жылдың 21 шілдесінде Алматы қаласында орналасқан Көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІД-нің кезекші бөліміне азамат Магомедов немере ағасын ұрлап кеткені туралы арыз жазды. Осы арызға сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 125-бабының 1-бөлігі, яғни адам ұрлау бойынша қылмыстық іс қозғалды. 29 шілдеде ІІМ-нің Оңтүстік өңірлік ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен көліктегі бөліністердің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұрланған адамды Алматыға жеткізді және оны ұрлап әкетуге Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаменті қызметкерлерінің қатысы бар екенін хабарлады".

Осыған байланысты ІІМ-нің Искери-тергеу басқармасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі қауіпсіздік департаментінің және Қазақстан Республикасы Бас әскери прокуратурасының қатысуымен қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны