12.10.2009, 18:38 3050

Алматыда әйел адамға тонаушылық жасап, оның автокөлігін айдап әкеткен күдікті ұсталды

Алматыда әйел адамға тонаушылық жасап, оның автокөлігін айдап әкеткен күдікті ұсталды

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда әйел адамға тонаушылық жасап, оның "Тойота Прадо" автокөлігін айдап әкеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция комитетінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Алматы қаласының ІІД Жедел басқару орталығына Нұрмақов көшесіндегі үйдің ауласында тонау жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті".

"Жедел-тергеу тобына шамамен түнгі сағат 2.40-та белгісіз ер адам күш көрсетіп, ішінде 110 мың теңге ақшасы, ұялы телефоны, құжаттары бар, автомашинасының кілті салынған сөмкесін тартып алғаны және "Тойота Прадо" автокөлігін айдап әкеткені туралы 34 жастағы әйел адам арызданды",- делінген хабарламада.

ІІМ ақпаратына сәйкес, аталған қылмысты ашу мақсатында "Тосқауыл" арнайы жоспары енгізіліп, полицияның кешенді күштерінің жасақтарына, көрші облыстардың ІІД-ге бағдар берілді.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде Сейфуллин даңғылы бойындағы үйлердің бірінің ауласынан айдап әкетілген автомашина табылып, маңайында жүрген 32 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Ұсталған адам қылмысын мойындады. ҚР ҚК 178-бабының 3-бөлігі бойынша (тонау) қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде",- деп хабарлайды ІІМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны