17.03.2014, 19:57 20097

Алматыда әйелдер онкологиясы бойынша семинар өтеді

Семинар барысында пациенттерге тегін онкологиялық және маммологиялық қарау жасалады.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan today. 27-28 наурыз аралығында Алматының Қалалық онкологиялық диспансерінде "Ийелдер онкологиясы және заманауи емделу шаралары" атты семинар "Аджибадем" тобының дәрігерлерінің қатысуымен өтеді.

Шара барысында ғылыми бағдарлама бойынша "Аджибадем" тобының дәрігерлерімен одан әрі ынтымақтастық мәселесін дамыту жағдайы талқыланады.

Семинар барысында пациенттерге тегін онкологиялық және маммологиялық қарау жасалады.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі аталмыш ауруларды емдеу бойынша бірқатар шара қолданған. Жыл ішінде республикалық бағдарлама бойынша 30-дан асқан әйелдерге тегін скрининг жасалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны