18.10.2017, 18:13 4747

Алматыда Алаш Орданыӊ 100 жылдығы атап өтілді

Осыдан тура 100 жыл бұрын, яғни 1917 жылдыӊ 21-26 шілдесі аралығында Орынбор қаласында Жалпықазақ сьезі шақырылып, сол кезеӊ үшін еӊ өзекті деген мәселелер сьезд делегаттарыныӊ талқысына ұсынылды. Төрағасы - Халел Досмұхамедов, төраға серіктері - Ахмет Байтұрсынұлы, Илмұхамед Көтібаров, хатшылары - Міржақып Дулатов, Ақылбек Сейітовтер болған бұл сьезде "Алаш" ұлттық-демократиялық партиясыныӊ іргесі қаланып, мемлекеттіӊ тәуелсіздігін айқындайтын еӊ өзекті мәселелер сөз болды.

Алматы. 18 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда Алаш Орданыӊ 100 жылдығын мерекелеу аясында "Алаш Орда және ұлт-азаттық идеясы" атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Дәл осы күні алаш қозғалысына арналған салтанатты кеш болып, оған мәдениет пен өнер өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар жәна басқалары қатысты.

Айтулы шараны ашқан Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек 20 ғасырдыӊ басында "Алаш" қозғалысы қайраткерлерініӊ тәуелсіздік үшін күрескенін атап өтті. Мемлекеттілікті, ұлттық сана-сезімді сақтау үшін олардыӊ басым көпшілігі өмірлерін қиды.

"Сол кездегі қазақ интеллигенциясы тәуелсіздікке жетудіӊ стратегиясы мен тактикасын жасауға ұйытқы болды. Алаштықтар өз армандарыныӊ орындалатынына сенді және халықты бірлік пен Тәуелсіздікке шақырды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзініӊ "Тарих толқынында" атты кітабында: "18-19 ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардыӊ арынды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудыӊ әртүрлі жолдарын қарастырды. Сол кезде қазақтарда өз мемлекетін құру үміті тағы да ояна бастады. Алашорданыӊ көсемдері Илихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды деп атап өткен еді", - деді Б.Байбек.

Осыдан тура 100 жыл бұрын, яғни 1917 жылдыӊ 21-26 шілдесі аралығында Орынбор қаласында Жалпықазақ сьезі шақырылып, сол кезеӊ үшін еӊ өзекті деген мәселелер сьезд делегаттарыныӊ талқысына ұсынылды. Төрағасы - Халел Досмұхамедов, төраға серіктері - Ахмет Байтұрсынұлы, Илмұхамед Көтібаров, хатшылары - Міржақып Дулатов, Ақылбек Сейітовтер болған бұл сьезде "Алаш" ұлттық-демократиялық партиясыныӊ іргесі қаланып, мемлекеттіӊ тәуелсіздігін айқындайтын еӊ өзекті мәселелер сөз болды.

Артынша, 21 қарашада "Алаш" партиясыныӊ бағдарламасы "Қазақ" газетінде жарияланды. Онда Қазақ автономиясын құру жайлы айтылған еді. Өкінішке орай, Алаш арыстарыныӊ арман-мұраттары сол кезеӊдегі тарихи жағдайларға байланысты жүзеге аспай қалды. Тек ХХ ғасырдыӊ соӊында, яғни, 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылды.

"Бүгінгі күні біз ұлттыӊ тағдырына, оныӊ көшбасшылары мен жалпы халыққа әр дәуірдіӊ жүктер міндеті мен талабы әрқилы болып келетінін айқын сезініп жүрміз. Алаш арыстарыныӊ асқақ армандарыныӊ жүзеге асқанын, Қазақстанныӊ тәуелсіз ел болғанын көру бақыты мына отырған Сіздер мен біздіӊ маӊдайымызға жазылыпты. Замана көшін айқын сезініп, тарихи мүмкіндікті мейілінше тиімді пайдалануға бағытталған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы сол Алаш қайраткерлерініӊ көксеген армандарыныӊ іске асуыныӊ көрінісі, олардыӊ өшкенініӊ жанғаны", - деп қорытындылады сөзін әкім.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны