26.10.2009, 16:35 2804

Алматыда "Алаш" ЖАҚ-ның бұрынғы президентін ұрлау және өлтіру қылмыстарын ұйымдастырушылардың бірі ұсталды

Алматыда "Алаш" ЖАҚ-ның бұрынғы президентін ұрлау және өлтіру қылмыстарын ұйымдастырушылардың бірі ұсталды

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда "Алаш" ЖАҚ-ның бұрынғы президентін ұрлау және өлтіру қылмыстарын ұйымдастырушылардың бірі ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өткен сенбіде Алматы қаласының ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Алаш" ЖАҚ-ның президенті болып жұмыс істеген, 2003 жылдың ақпанында осы акционерлік қоғамның вице-президенті Болат Сафинді ұрлағаны және өлтіргені үшін іздестіруде жүрген Темірхан Мұхамбедьяровты ұстады",- деді ресми өкіл.

Қ.Жұмановтың айтуынша, қылмыстық істі тергеу барысында "Алаш" ЖАҚ-ның және "Алаш-Банк" акцияларын беруден бас тартқаны үшін Сафинді бопсалағаны, ұрлағаны және өлтіргені үшін ЖАҚ президенті Т. Мұхамбедьяров, оның жүргізушісі-оққағары Досаев, "Алаш" ЖАҚ Химия-металлургиялық зауыты мен "Алаш-Банк" бас директорының орынбасары Ерманов және "Алаш-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Бабаев анықталды.

"Ерманов 13 жылға бас бостандығынан айрылды, Мұхамбедьяровқа, Бабаев пен Досаевқа іздестіру жарияланды. 2007 жылы полиция қызметкерлері Бабаевты ұстады, қазіргі уақытта соңғы фигурант - Досаевты іздестіру бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде",- деді ІІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны