02.05.2018, 19:49 4762

Алматыда әлемніӊ 54 елініӊ өкілдері Қызыл крест және Қызыл жарты ай халықаралық декларациясын қабылдайды

Алғаш рет Орталық Азияда Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамдарыныӊ Х Европалық конференциясы өтуде

Алматы. 2 мамыр. KazakhstanToday - Алматыда әлемніӊ 54 елініӊ өкілдері Қызыл крест және Қызыл жарты ай халықаралық декларациясын қабылдайды.

Алғаш рет Орталық Азияда Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамдарыныӊ Х Европалық конференциясы өтуде. Алматыдағы 54 елдіӊ делегаттары қатысқан форумды өткізуге испандық Мадрид қаласы да үміткер болатын.

Халықаралық конференцияны ашқан Алматы әкімі мемлекет басшысыныӊ құттықтау сөзін оқып берді, онда ұйымныӊ заманауи өткір проблемаларды шешудегі, әскери шиеленістер мен табиғи апаттар кезінде зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетудегі ерекше рөлі атап өтілген.

"Қазақстан Қызыл крест және Қызыл жарты ай қозғалысына оныӊ толық құқылы қатысушысы ретінде орасан көмек көрсетуде. Бүгінгі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі, сонымен қатар Астана процессініӊ бастаушысы ретінде еліміз барынша жетілген, қауіпсіз және тұрақты бейбітшілікті орнықтыруға ықпал етуде. Тек өзара сенімге, құрметке және түсіністікке негізделген іс- қимыл ғана барша адамзатты басты мақсатқа жетелейді. Конференция қорытындысы бойынша қабылданатын Алматы декларациясыныӊ гуманитарлық дағдарыстарды жеӊудіӊ және көмек пен қолдауға зәру жандардыӊ өмірін жақсартудыӊ тиімді жолдарын іздестіруге маӊызды үлес қосатынына сенімдімін", - делінген үндеуде.

Конференция барысында Бауыржан Байбек оқиғалы туризмді дамыта отырып Алматыныӊ іскерлік келіссөздер мен халықаралық бизнес- кездесулердіӊ бас қосу алаӊына айналғанын атап өтті. Тек жыл басынан бері қарай мегаполисте ЭЫДҰ-ныӊ "Еуразия апталығы",ТМД елдері үкімет басшыларыныӊ қатысуымен цифрландыру форумы өтті. Ал күзде бірқатар айтулы халықаралық шаралар, соныӊ ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ Алматы декларациясыныӊ 40 жылдығына және Еуропадағы "Салауатты қалалар" желісініӊ 30 жылдығына арналған конференциялар өтеді.

"Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ басшылығымен көп этносты Қазақстан халқы бейбітшілік пен тұрақтылықты және қарқынды экономикалық дамуды таӊдады. Бүгінгі таӊда Қазақстан - Таулы Қарабах пен Тәжікстаннан бастап Иран мен Сирияға дейінгі түйткілді мәселелер мен даулы кикілжіӊдерді шешу мәселесінде медиатор ретінде танылған еуразиялық бірден-бір мемлекет. Соӊғы жылдардыӊ өзінде Ислам конференциясы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымдарына табысты төрағалық етті. Біз осы күзде Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесе отырып Өӊірлік хаб ашатын боламыз. Алғашқы кезеӊде мұнда 20-ға жуық халықаралық ұйымдар мен агенттіктер жұмыс істейді деп күтілуде", - деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде Қызыл крест және Қызыл жарты ай Халықаралық Федерациясыныӊ президенті Франческо Рокка Алматы декларациясыныӊ алдағы төрт жылда ұйым үшін басшылыққа алатын басты құжаттардыӊ біріне айналатынын айтты. Соӊғы рет мұндай декларация 2014 жылы итальяндық Флоренцияда қабылданған еді.

"17 миллионнан астам еріктілердіӊ жұмысы арқасында біз әлемдегі ірі гуманитарлық жүйе болып табыламыз. Дегенмен, біздіӊ бастамаларымыздыӊ жемісті болуы жергілікті жерлердегі жұмыс пен оныӊ сапасына тікелей қатысты. Біздіӊ ұйымныӊ жұмысын жоғары бағалаған Қазақстанға ерекше алғыс білдіреміз", - деп қорытындылады сөзін Франческо Рокка.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны