23.06.2014, 22:17 3578

Алматыда алғашқы Халықаралық қонақ үй форумы өтеді

Форумға жергілікті білікті мамандар, Германия, Венгрия, Түркия, Ресей, Украина мен Изірбайжанның шетелдік сарапшылары қатысады.

Алматы. 23 маусым. Kazakhstan today. 2014 жылдың 24-25 маусымында Алматыда алғашқы Халықаралық қонақ үй форумы өтеді.

Қонақ үй форумы - шетелдік және қазақстандық сарапшылардың, мемлекеттік орган өкілдерінің, қонақ үй нарығы қатысушыларының, оқу орындары өкілдерінің халықаралық және қазақстандық қонақ үй бизнесінің даму үдерісін, брэндингін, инновациясы мен басқаруын, қонақ үй бизнесін дамытатын механизмдерді талқылайтын алаң болып табылады.

Форумға жергілікті білікті мамандар, Германия, Венгрия, Түркия, Ресей, Украина мен Изірбайжанның шетелдік сарапшылары қатысады.

Пленарлы отырыс, ашық пікір талас мен шеберлік сыныптарынан бөлек шара қонақтары "2013 жылдың үздік отелі" республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатына қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны