26.10.2016, 09:46 4090

Алматыда аортокоронарлық шунт жасау бойынша 600-ден астам ота жасалды

Алматыда Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда жұмыс істеп тұрған жүрекке аортокоронарлық шунт жасау бойынша 600-ден астам ота жасалды, деп хабарлайды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Алматы. 26 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда жұмыс істеп тұрған жүрекке аортокоронарлық шунт жасау бойынша 600-ден астам ота жасалды, деп хабарлайды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

"Қалалық кардиологиялық орталықта жұмыс істеп тұрған жүрекке аортокоронарлық шунт жасау, аутоперикард пайдалана отырып аорталық клапанныӊ жармасын жасақтау, ашық жүрекке ота жасаған кезде өткізу жолдарын радиожиілікпен амбляция жасау, митралдық клапанды көпкомпонентті қайта жаӊғырту, аорталық клапанды каркассыз Freestyle биоклапанмен алмастыру бойынша 600-ден астам ота жасалды", - деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысыныӊ орынбасары Кәлима Базарбаева.

Оныӊ мәліметінше, Қазақстанда алғаш рет кальцийлі стенозды науқастарға ротаблатор пайдалану, биорезорбцияланатын тамырлық Абсорб скаффолд имплантациясы клиникалық тәжірибеге енгізілді.

Аортокоронарлық шунт жасау - жүректіӊ түрлі ауруларында (тромбоз, миокард инфаркты) жиі пайдаланылатын хирургиялық емдеу тәсілі. Шунт жасау дегеніміз жүрек қан тамырларындағы қан айналымын қалпына келтіру үшін хирургиялық бөлімде жасалатын ота.

Жүрек пен жүрек қан тамырларыныӊ аурулары тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге дүниежүзі бойынша аурулар құрылымы мен өлім себептерініӊ арасында алдыӊғы орында келе жатқан себептердіӊ біріне жатады. Апоплексикалық соққыдан, немесе инсульттен, немесе халық арасында миға қан құйылу деп аталатын аурудан әрбір үшінші науқас көз жұмады, жиырма бес пайыздан астамы мүгедек болып қалады және шамалы ғана бөлігі қалыпты өмірге оралады. Соӊғы жылдары Қазақстанда инсульт проблемасына баса назар аударылуда: елдіӊ түрлі өӊірлерінде 40-тан астам инсульт орталықтары жұмыс істейді және олардыӊ барлығы да халықаралық стандарттарға толығымен сай келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны