08.07.2009, 16:57 2812

Алматыда арнаулы қызметтер лауазым иелері жасаған бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарының бетін ашты

Алматыда арнаулы қызметтер лауазым иелері жасаған бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарының бетін ашты

Алматы. 8 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда арнаулы қызметтер лауазым иелері жасаған бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарының бетін ашты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Алматы қалалық ҰҚКД баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында соңғы айда лауазым иелері жасаған бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарының беті ашылды. Атап айтсақ, департамент қызметкерлері Алматы қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бас маманын 600 мың теңге көлемінде пара алып жатқан сәтте ұстады.

Белгілі болғанындай, Алматы қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкері "Алматы такси" ЖШС-іне тиесілі ғимаратты заңдастыру мақсатында қабылдау комиссиясының шешімін беру үшін 4 мың доллар көлемінде пара талап еткен. Бұл дерек бойынша ҰҚКД-нің тергеу басқармасы Алматы қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бас маманының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол тұтқындалды, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, осы жылдың 3 шілдесінде ҰҚКД-іне шағымдана келген азамат Алматы қаласының Алмалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының келісім-шарты және шақыру бойынша әскерилерді жасақтау бөлімінің бастығының аға көмекшісі В. Просоловтың одан әскерге баруға жарамсыз екендігі көрсетілген әскери билет беру үшін $2500 көлемінде пара талап еткенін жеткізген.

ҰҚКД қызметкерлері келесі күні жедел іздестіру шараларының барысында В. Просоловты 225 мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы алғаннан кейін қылмыс үстінде қолға түсірді. Бұл дерек бойынша Алматы қаласының Алмалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкерінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, ҰҚКД-іне шағымдана келген бір кәсіпкер қаржы полициясының қызметкерлері Р. Қарин мен М. Тлеулиннің заңсыз әрекеттері жөнінде хабарлады. "Оның мәлімдегеніндей, қаржы полициясының қызметкерлері одан коммерциялық қызметіне болысушылығы үшін ай сайын 400 доллар талап еткен", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Алматы облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің Қарасай аудандық қаржы полициясының аға инспекторы М. Тлеулинді 10 маусымда ҰҚКД қызметкерілері ұстады. М. Тлеулин шағымданушыдан

Алматы облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің Қарасай аудандық қаржы полициясының инспекторы Р.Қариннің тапсырмасы бойынша 120 мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы алған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл дерек бойынша ҰҚКД-нің тергеу басқармасы қаржы полициясының аталған қызметкерлерінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 4-тармағының "б" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны