05.06.2009, 12:31 1346

Алматыда арнаулы қызметтер ҰБТ -дан жоғары балл алуға өз жәрдемін ұсынып жүрген бір топ адамды ұстады

Алматыда арнаулы қызметтер ҰБТ -дан жоғары балл алуға өз жәрдемін ұсынып жүрген бір топ адамды ұстады

Алматы. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда арнаулы қызметтер Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл алуға өз жәрдемін ұсынып жүрген бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік құпиялар туралы" заңына сәйкес тест тапсырмалары мемлекеттік құпияға жаратын мәліметтердің тізіміне енгізілген, осыған сәйкес ҰҚКД емтихан мерзімінде бар күш-жігерді дұрыс жауаптардың кодының қолды болмауына бағыттауда. Қолданылған нысаналы шаралардың нәтижесінде Алматыда қазіргі жағдаймен кодтарды иемденіп алу оқиғасына жол берілген жоқ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"ҰҚКД тестілеу өткізілген бірінші күні жоғары балл алуға өз жәрдемдерін ұсынып, оны 3000-3500 долларға бағалап, азаматтарды алдап жүрген алаяқтар тобының әрекетіне тосқауыл қойды. Департаменттің тергеу тобы аталған тұлғалардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-ші бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны