22.04.2010, 13:53 3245

Алматыда арнаулы операция барысында қылмыстық ортаның серкелері ұсталды

Алматыда арнаулы операция барысында қылмыстық ортаның серкелері ұсталды

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда арнаулы операция барысында қылмыстық ортаның серкелері ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Валерий Козлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ІІД хабарына сәйкес, "Алматыға Қырғызстанның қылмыстық ортасының серкелері келуге талпынады деген жедел ақпарат келіп жетті. Осыған байланысты кеше Алматыда қалалық ҰҚКД қызметкерлері мен оңтүстік аймақтық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері бірлесіп арнаулы іс-шара өткізді, оның барысында 21 адам ұсталды".

В. Козловтың хабарлауынша, соның ішінде "бір жеке меншік үйден "Алматыға көз тігуші" аты бар Сабыр Аблеев ұсталды, ол бүгінгі күні жазасын өтеп жатқан Абрамның орнын басқан, қылмыстық ортаның серкелерінің бірі. Сабыр Қазақстанның оңтүстігіндегі түзету мекемелеріне есірткі жеткізілімі үшін жауап береді және Ресейдегі ұйымдасқан қылмыстық ортамен байланысы бар".

Сондай-ақ, "Алматыға көз тігуші" аты бар Мансұр мен Өзбекстандағы қылмыстық ортаның Димон атты лақап аты бар серкесі қолға түсті. Сабырдың жүргізушісінен өзге барлығынан героин есірткісі тәркіленді. Сараптама нәтижесі олардың бәрінің де нашаға елтіп алғанын көрсетіп берді. Бұған қоса биохимиялық сараптама нәтижесінде кофе салынған банкадан 50 грамм шамасында гашиш шықты", -деп хабарлайды басқарма бастығы.

ІІД түсініктемесіне сәйкес, "бұл - серкелердің бас қосуы болған, олар өзара байланыс орнатып, Өзбекстан арқылы есірткі тасмалын қалай жолға қою, Қазақстанның оңтүстігіндегі түзету мекемелеріне есірткі жеткізілімін қалай ұйымдастыру жайлы шешім қабылдамақ болған".

Қазір ұсталғандар Алматы қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысында отыр, олармен арнаулы тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Заңсыз есірткі сақтау және тасымалдау бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны