28.05.2010, 13:43 4169

Алматыда арзан бағаға жер телімін сатамыз деп сан соқтырған алаяқ әйелдер ұсталды - ІІД

Алматыда арзан бағаға жер телімін сатамыз деп сан соқтырған алаяқ әйелдер ұсталды - ІІД

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда арзан бағаға жер телімін сатамыз деп сан соқтырған алаяқ әйелдер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінің инспекторы Гүлнәр Жаманқұловаға сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, екі әйел бірнеше алаяқтық істері үшін түзету мекемесінде жазаларын өтеп жүріп танысқан. Арзыгүл мен Раушанға дегенмен түрме өмірі сабақ болмағанға ұқсайды.

"Қалада қайта жолыққан әйелдер адамдарды арзанға жер сатамыз деген жалған уәдемен алдауды ойластырды. Өз клиенттеріне алаяқтар қаланың элиталық ауданынан арзанға жер тауап беретін болып келіседі.Сенім туғызу үшін алаяқ әйелдер жер алушыны бос жатқан алаңқайға әкеліп аумағымен таныстырады. Бір қызығы бірде-бір жер алушы олардың жер теліміне қатысты құжаттарын сұрамаған"-дейді Жетісу АІІБ бастығы Қанат Таймерденов.

ІІД мәліметінше, екі жәбірленушіге 13 шаршы метр жерден бөліп береміз деп 900 мың теңгелерін санап алған. Онан кейін клиенттерін бір жарым жыл бойы соңдарынан салпаңдатып, "құрғақ уәдемен" қоректендірген. Айтатындары: "құжаттар дайындалу үстінде", деген сөз болған. Полицияға алданған аңқаулар алаяқ әйелдер ізім-ғайым жоғалған соң ғана хабар берген.

"Ақшаларды беру фактісі құжат жүзінде жүзеге асырылмаған. Алайда жәбірленушінің бірі алаяқ әйелдің жердің құжаты жасалмады деген ақталу сөзін аудиожазбаға түсіріп алған. Көп ұзамай алаяқ екі әйел қапылыста қолға түсті. Олар әзірге екі жәбірленуші арызы бойынша жауаптар беруде. Алайда бұл сан жақын күндері өсуі де мүмкін" деп түйіндеді сөзін Қанат Таймерденов.

Қолға түскен Арзыгүлдің жасы 48-де, ал Раушан 51-ге толған. Екеуінде үш баладан бар. Арзыгүл сотталғанға дейін кондитерлік цехта жоғары дәрежелі маман болған. Ал құрбысы медицина саласында мейірбике болып жұмыс істеген, деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны