11.02.2013, 12:07 3366

Алматыда әскери қызметкер дүкенді тонамақ болған ұрыларды ұстады

"ҚР ҚК Алматы аймақтық гарнизоны Искери полиция отрядының гаупвахта бөлімінің бақылаушысы кезекшіліктен қайтып келе жатып дүкеннен біреудің көмек сұрағанын естиді. Оқиға орнына жүгіріп келген сержант тауар, азық-түлік және ақшаны ұрлап жатқан үш ұрының үстінен түседі", - делінген ақпаратта.

Алматы. 11-ақпан. Kazakhstan Today - Келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкер, сержант Мақсат Қамбаев Алматы-1 теміржол стансасы маңында орналасқан дүкенді тонамақ болған ұрыларды ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"ҚР ҚК Алматы аймақтық гарнизоны Искери полиция отрядының гаупвахта бөлімінің бақылаушысы кезекшіліктен қайтып келе жатып дүкеннен біреудің көмек сұрағанын естиді. Оқиға орнына жүгіріп келген сержант тауар, азық-түлік және ақшаны ұрлап жатқан үш ұрының үстінен түседі", - делінген ақпаратта.

Ұрылар формадағы адамды көре салып, оқиға орнынан жасырынбақ болады, бірақ Мақсат Камбаев оларды қуып жетіп, жақында орналасқан ішкі істер бөлімшесіне жеткізеді.

ҚР ҚК Алматы аймақтық гарнизоны Искери полиция отрядының бастығы жасаған ерлігі үшін Мақсат Қамбаевқа алғыс айтып, грамота тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны