07.12.2017, 21:55 6847

Алматыда Астана күні қарсаӊында "Астана - Ардағым" сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді

Республика сарайында 10 желтоқсан күні Алматы қаласы әкімдігініӊ бастамасымен астананыӊ қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан лауреаттарды "Астана - Ардағым мерекелік сыйлығымен марапттау рәсімі өтеді.

Алматы. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Республика сарайында 10 желтоқсан күні Алматы қаласы әкімдігініӊ бастамасымен астананыӊ қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан лауреаттарды "Астана - Ардағым мерекелік сыйлығымен марапттау рәсімі өтеді.

"Астана - Ардағым" мерекелік сыйлығымен Алматы қаласында тұрған әрі туылған және Астананыӊ қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттіӊ астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлер марапатталады.

Алматы қаласыныӊ Мәдениет басқармасы хабарлағандай, "Астана - Ардағым" сыйлығы 20 категория бойынша беріледі, олар - білім мен ғылым, сәулет пен құрылыс, денсаулық сақтау, спорт, өнер, кинематография, журналистика және әдебиет салалары.

"Бүгінгі күні Алматы қаржы және экономикалық магнит ретінде еліміздіӊ саяси орталығы - Астананы үйлесімді толықтыруда. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, күшті саяси орталық пен либералды қаланыӊ келісімі мемлекеттіӊ тұракқты дамуына ықпал етеді", - деп атап өтілді Алматы әкімдігінде, сонымен қатар Мемлекет басшысыныӊ "Астананыӊ тағдыры - екі ғасырды артқа тастаған барша қазақстандықтардыӊ тағдыры. Бұл заманауи мемлекетке айналған, жаһандық қоғамдастық таныған және құрметтеген, Ұлы жолдан өткен тәуелсіз Қазақстанныӊ тағдыры" деген сөздері еске түсірілді.

Номинанттарды іріктеу конкурстық комиссияныӊ http://astana.ardaq.kz сайтында ашық дауыс берулері арқылы 9 желтоқсанда Астана уақытымен 00:00 сағатта аяқталады.

Еске салсақ, келер жыл Қазақстан астанасы үшін мерейлі жыл. Алматыда Астананыӊ 20 жылдығын мерекелеуге арналған бірқатар ауқымды мәдени шаралар-концерттер, фестивальдер, көрмелер өткізу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны