18.05.2010, 16:53 3141

Алматыда "АтырауМұнайГаз" компаниясының топ-менеджері өлтірілді

Алматыда "АтырауМұнайГаз" компаниясының топ-менеджері өлтірілді

Алматы. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда "АтырауМұнайГаз" компаниясының бас директорының 29 жастағы орынбасары оқ жарақатының салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық ІІД криминалдық полициясы басқармасындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, кісі өлімі "Жетісу" ықшамауданындағы бір үйдің ауласында шыққан. Бұл өлімге, оның айтуынша, "топ-менеджердің 50 жастағы әкесі кінәлі деп танылуда", ол да кейін оқтан қаза тапты.

"Оқиға орнына жедел тергеу тобы келіп жеткен кезде топ-менеджердің әкесі тірі болған, ол қалалық №7 клиникалық аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Қаза тапқандардың мәйіттері Алматы қалалық мәйітханасына жіберілді. Қазір тергеуші оқиға куәгерлерін, қаза тапқандардың туыстары мен таныстарынан жауап алып жатыр", - деді ол.

Полицияның жорамалына сәйкес, екі ер адам да жауынгерлік оқпен ату үшін қайта жасалған ИЖ-79 "Байкал" газды тапаншасынан оққа ұшқан. "Тергеу күдіктінің бұл қылмыс қаруын қайдан және қандай жағдайда алғанын анықтауға тырысуда. Тапанша баллистикалық сараптамаға жіберілді", - деді ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны