07.09.2009, 12:16 1597

Алматыда атыс салдарынан 7 адам жараланды

Алматыда атыс салдарынан 7 адам жараланды

Алматы. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда 4 қыркүйекте Манас көшесі, 11-үйдегі декоративтік-қолданбалы өнер колледжінің жатақханасының маңында болған атыс салдарынан 7 адам жараланды, екі адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алмалы ауданында өткен жұмада сағат 21.30 шамасында бір топ жастар арасында жаңжал туындаған, соның салдарынан атыс қаруы қолданылды. Қазір қарудың түрі анықталу үстінде, ол табылған жоқ", - деп хабарлайды ІІД.

ІІД ақпаратына сәйкес, ауруханаға жатқызылған жастардың жағдайы орташа, маңызды дене мүшелерінен жарақаттанған.

Төбелеске қатысқан алты адам ұсталған. Тағы үш адамның аты-жөні анықталды, қазір жастар іздестіріліп жатыр. Тәртіп сақшыларының пікірінше, атыс кезінде қолданылған қаруды қашқан үшеу өздерімен ала кеткен.

"Қылмыс орнынан 16-шы калибрлі гильза алынды, сол себепті аңшы мылтығы қолданылды деген жорамал бар. Жеті адамға да бір қарудан оқ атылған. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бұзақылық жөніндегі 257-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны