01.04.2009, 18:06 3917

Алматыда атышулы "Айшуақ - Жантүгел" қылмыстық топ басшыларының бірі ұсталды

Алматыда атышулы "Айшуақ - Жантүгел" қылмыстық топ басшыларының бірі ұсталды

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда атышулы "Айшуақ - Жантүгел" қылмыстық тобы басшыларының бірі ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің бастығы Сұлтан Күсетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Олардың ішінде Алматы қаласындағы атышулы "Айшуақ - Жантүгел" қылмыстық топ басшыларының бірі бар. "Алатау" мейрамханасында кезекті "жиын" барысында ұсталған қылмыскерлерден Макаров тапаншасы және Ф-1 жауынгерлік граната тәркіленді. "Айшуақ - Жантүгел" қылмыстық тобының белсенді мүшесі өткен жылы Қапшағайда "Старая крепость" ойын-сауық орталығында қару қолданып кісі өлтіру оқиғасына қатысқан. Бұған дейін қамауға алынған Коваленко да осы қылмыстық топтың мүшесі болған", - дейді С.Күсетов.

Ағымдағы жылдың басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топтардың 11 басшысы және басқа да мүшелері ұсталды.

Комитет төрағасы атап көрсеткендей, тек наурыз айында ғана қылмыстық топтардың 8 жетекшісі және 38 мүшесі, қылмыстық ортаның 7 "беделдісі" ұсталды, олардың 8-іне ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және басшылық еткені үшін айып тағылып отыр. Заңсыз айналымнан 17 ойық және тегіс ұңғылы қару алынды, оның ішінде 9 тапанша, 1 граната, 49 килә "аммонит" жарылғыш заттары, 6 шолақ мылтық бар. Сондай-ақ 84 килә есірткі заттары, 4 килә героин тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны