23.04.2008, 14:44 2663

Алматыда аудио және бейнеақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техниканы сатумен айналысқан топ құрықталды

Алматыда аудио және бейнеақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техниканы сатумен айналысқан топ құрықталды

Алматы. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық ҰҚКД қызметкерлері аудио және бейнеақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техниканы сатумен айналысқан топты құрықтады, деп хабарлайды агенттік ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Департаменттің жылдам тергеу тобы осы жылдың 15 сәуірінде топ мүшелерін айғақзаттырмен қолға түсірді. Топтың барлық мүшелері Алматыдағы бір ірі коммерциялық кәсіпорынның ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері болып табылады", - деп хабарлайды ҰҚКД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға орнындағы және жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлеріндегі тінту барысында 30 -дан астам арнаулы техника тәркіленді.

"Микрофоны мен қашықтан басқаратын тетігі бар шағын бейнекамералар, аудио және бейнеақпаратты жасырын алуға арналған түрлі қондырғылар, эфирге, соның ішінде ұялы телефондардың жиілігі бойынша мониторинг жүргізетін сканерлер тәркіленді. Сонымен бірге, сымды және радиосәулелі арнаулы техникалық құралдарды анықтауға арналған детекторлар, сымды коммуникациялар бойынша телефон әңгімелерін жазып алуға және мониторинг жүргізуге арналған заттар, арнаулы техникалық құралдардан ақпаратты қабылдауға арналған жоғарытехнологиялық кешендер табылды. Бұйымдардың бір бөлігі тұрмыстық заттар секілді етіп жасалып жасырылған", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Алматы қалалық ҰҚКД тергеу басқармасы қозғаған ҚР Қылмыстық кодексінің Ақпараттарды жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды өткізу мақсатында заңсыз жасау, өндіру, өткізу немесе сатып алу жөніндегі 143-бабының 3-тармағы аясында тәркілеп алынған, қабырға сағаты, сөмке және жазу жазатын қалам түрінде жасалған арнаулы техникалық құралдардың тактика-техникалық сипаттамаларын айқындау үшін қосымша зерттеулер жүргізілуде.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, арнаулы техникалық құралды әкелу оқиғасына жақын шетелден әкелінген тұрмыстық аппаратураны сатушы бір ірі компанияның қауіпсіздік қызметінің жетекшілерінің қатысы бар, олар өздерімен аффиллирлік байланыстағы Қазақстандық кәсіпорынның жұмысын қадағалау үшін Қазақстанға бірнеше мәрте келген. Арнаулы техникалық құралдар елімізге контрабандалық жолмен әкелінген.

Қазір Алматы қалалық ҰҚКД тергеу басқармасы топ мүшелері тарапынан конституциялық құқықтары бұзылудан зардап шеккен адамдарды анықтау үшін мұқият тексеру жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны