17.04.2009, 14:28 2668

Алматыда Ауғанстан мен Батыс Еуропа арасындағы есірткі тасымалынан түскен ақша ағындарын бақылап келген қылмыс әлемінің серкесі сотталды

Алматыда Ауғанстан мен Батыс Еуропа арасындағы есірткі тасымалынан түскен ақша ағындарын бақылап келген қылмыс әлемінің серкесі сотталды

Алматы. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Ауғанстан мен Батыс Еуропа арасындағы есірткі тасымалынан түскен ақша ағындарын бақылап келген адам деп тергеу органдары пайымдап отырған Ибдірашит Насыров есімді қылмыс әлемінің серкесі сотталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі полициядағы және Медеу аудандық сотының қылмыстық істер жөніндегі канцеляриясындағы ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Алматы қаласының Медеу аудандық соты Абрам деген лақап аты бар Ибдірашит Насыров есімді қылмыс әлемінің серкесіне үш жылға жалпы тәртіпті абақтыда отыру жөнінде үкім шығарды.

Полициядағы ақпарат көзінің хабарлауынша, А. Насыров сонымен бірге оның атымен аталған Абрам атты еліміздегі ең бір қуатты ұйымдасқан қылмыстық топты басқарады.

Құқық қорғау органы қызметкерлерінің айтуынша, А. Насыров Алматыда өткен жылдың 23 қарашасында сағат 17.20 шамасында Құлжа трассасы мен Халиуллин көшелерінің қиылысында ұсталған.

"Ұсталған кезде одан салмағы 2,6 грамм героин мен оның көлігінен 2 млн теңге табылған. Тұтқындау сәтінде ол отырған "Мерседес бенц" көлігінің жүргізушісі көліктің есігін жаба қойғандықтан, "Сұңқар" арнаулы бөлімшесінің жауынгерлері оны көліктің сынған терезесінен алып шығуға мәжбүр болды", - дейді ақпарат көзі.

"Насыровтың ұсталуы ресейлік қылмыскерлердің мазасын біраз кетірді. Өйткені оған Ауғанстан мен Батыс Еуропа арасындағы есірткі тасымалынан түскен ақша ағындарын бақылау міндеті жүктелген", - деді ақпарат көзі.

Медеу аудандық сотының қылмыстық істер жөніндегі канцеляриясының мәліметінше, қылмыскер бірінші рет 1981 жылы сотталған: ол кезде бір жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. 1984 жылы ол мемлекет мүлкін ұрлағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айрылса, 1990 жылы - төрт жылға кесілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны