28.05.2009, 10:22 1639

Алматыда "Автобус" атты онкүндік іс-шарасы барысында жол қозғалысы ережесінің бір мыңнан аса бұзушылығы анықталы

Алматыда "Автобус" атты онкүндік іс-шарасы барысында жол қозғалысы ережесінің бір мыңнан аса бұзушылығы анықталы

Алматы. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "Автобус" атты онкүндік жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Алматы қалалық ІІД ЖПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аталмыш жедел алдын алу іс-шарасы қалада апаттылық жағдайдың төмендеуіне, алдын алу, жарақаттану, қоғамдық көліктердің жүргізушілер арасындағы тәртіптің сақталуына және жол қозғалысы қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатымен жүргізілді. 10 күн ішінде жол сақшылары қоғамдық көліктер жүргізушілерімен жасалған жол қозғалысы ережесінің бір мыңнан аса бұзушылығы анықтады.

"Жолаушылар тасымалы тәртібін бұзған жалпы 91 автобус жүргізушісі қолға түсті. Басып озу мен маневр жасау бойынша - 47, қарама-қарсы бағытқа шығу - 17, апаттылық жағдайды туғызу - 9, тіркеу құжаттарсыз автокөлікті басқару - 21. Арнайы айып тұрағына 18 автобус қойылды. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасының бұзылуына байланысты біздің инспекторлар 2 жүргізушіні - көршілес Өзбекстан республикасының азаматтарын анықтап, көші-қон полициясының аудандық бөлімдеріне жеткізді", - деп мәлімдеді Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ермек Құсайынов.

Алдын алу шарасы барысында жол инспекторларымен автобусты мас және наша шегіп алған күйде басқарған 7 жүргізушіні ұстады. Мәселен, таңғы уақытта Алматының Иуезов ауданында 34-бағыттағы автобус полицейлердің назарына ілікті. Оның құжаттарын тексеру кезінде жол сақшылары тоқтатылған автобус жүргізушісінің нашаға елтіп алған күйде тұрғанын байқады. Сот-медициналық сараптама полицейлердің күдігін растады. Өкінішке орай, мұндай жағдайлар жиі орын алуда. Өз ісіне аса салғырттықпен, жауапкершіліксіз қарайтын автобус жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, автобустар айып тұрағына қойылды. Айта кететін жайт, қоғамдық көлік жүргізушілерді мас күйінде бағыт бойынша жіберетін лауазымды тұлғалар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, операция барысында 6 лауазымды тұлға ұсталды, соның ішінде 3 - бірінші басқарушылар болып отыр.

"Жыл басынан бері Алматыда қоғамдық көліктің кінәсінан 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның ішінде 3 адам қаза тауып, 19-ы әртүрлі деңгейдегі жарақат алды. Сонымен қатар, салонның ішінде құлап түсудің 12 дерегі тіркелген", - деп қосты Ермек Құсайынов.

Мамыр айының ортасында Алмалы ауданында 119 бағыттағы автобус пен "Фольксваген Пассат" маркілі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы қаза тапты, қоғамдық көліктің жолаушысы да ауыр түрдегі жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

"Автобус" іс-шарасының өткізілу барысында Алматы қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының жеке құрамы алдын алу мақсатамен қаладағы барлық автопарктерге барып, ондағы жетекшілермен автобустар қозғалысының жиілігі ережесін, санитария қалпын қатаң сақтау және басқа да маңызды тақырыптар бойынша әңгіме қозғады.

Естеріңізге салсақ, жыл басынан бері "Автобус" атты жедел алдын алу іс-шарасы осымен үшінші рет өткізілді. Жол полициясы қызметкерлерімен өткізілетін аталмыш іс-шаралар нәтижесінде жалпы жол қозғалысы ережесінің төрт мыңнан аса бұзушылығы тіркелді. Мас немесе наша шегіп алған күйінде 24 жүргізуші анықталды.

Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілердің кәсібін қатаң бақылауға алып, бұдан былай ерекше назарда ұстайтынын ескертеді. Олардың айтуынша, мұндай шаралар енді үздіксіз тұрақты түрде өткізілетін болады, деп хабарлайда басқарма.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны