25.02.2008, 15:10 3101

Алматыда "Автобус" атты жедел алдын алу іс-шарасы басталды

Алматыда "Автобус" атты жедел алдын алу іс-шарасы басталды

Алматы. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда ақпанның 25 мен 29 аралығында "Автобус" атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Бұл туралы агенттікке қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"Рейдтер кезінде инспекторлар көлік құралдарының техникалық ахуалы мен конструкциясына, олардың қосалқы апаттық жағдайдағы шығатын есіктерінің жұмыс істейтін-істемейтіндігіне, тізгін, тежегіш және отын жүйесінің ақауы бар ма, жоқ па дегенге баса назар аударатын болады. Бұған қоса көлікті қайта жабдықтаудың заңдылығы, реттелетін бағыт бойынша жолаушы тасымалдауға берілген рұқсаты тексеріледі", - деді Алматы қалалық ІІД жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ермек Құсайынов.

Қоғамдық көліктің техникалық ақауы ауыр зардаптарға алып келетінін тәжірибе көрсетті. Көп жағдайда жолдағы апаттар болымсыз ақаудан шығып жатады. Полицейлердің айтуынша, мұндай заң бұзушыларға қатысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жолаушылар көлігін пайдалануға тыйым салу шаралары қолданылмақ.

"Көп жағдайда заңды өрескел бұзушылар жайлы қала тұрғындарына бізге мәлім болып жатады. Жолаушылар тасымалдайтын көліктің жүргізушісі шығарған жол қозғалысының ережелерін бұзу оқиғаларының куәгері болған қаламыздың қырағы тұрғындары Жол полициясы басқармасының 293-54-56 санды телефонына қоңырау шалып хабар береді. Мұндай барлық хабарламаларды біз мұқият тексеріп, әріқарай шара қолданамыз", - деді Е. Құсайынов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны