21.12.2009, 16:21 3176

Алматыда автокөлік иесін өлтіріп, көлікті Қырғызстанға айдап әкеткен күдікті қылмыстық топ құрықталды

Алматыда автокөлік иесін өлтіріп, көлікті Қырғызстанға айдап әкеткен күдікті қылмыстық топ құрықталды

Астана. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда автокөлік иесін өлтіріп, көлікті Қырғызстанға айдап әкеткен күдікті қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алматы қаласының ІІД полиция қызметкерлері ағымдағы жылғы 11 қарашада осы қаланың бір тұрғынын өлтіргені, сондай-ақ оның "Тойота Ленд Крузер" автокөлігін ұрлап, оны Қырғызстанға айдап әкеткен күдікті қылмыстық топты ұстады",- деді ол.

"Шабуыл жасаған және кісі өлтірген адамдардың байланыстарын тексеру кезінде бірнеше адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды, олар Алматы қаласында қарақшылық шабуыл жасап, екі танымал автомашинаны ұрлаған. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны