14.01.2010, 16:27 3107

Алматыда автокөлік иесіне қарақшылық шабуыл жасалды

Алматыда автокөлік иесіне қарақшылық шабуыл жасалды

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда 13 қаңтарда "Мазда" маркалы автокөліктің иесіне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "13 қаңтар күні кешке шұғыл басқару орталығының кезекші пультіне 29 жастағы қала тұрғынынан Рысқұлов пен Папанин көшелерінің қиылысында белгісіз екі адам бөтелкенің сынығымен қорқыту арқылы "Мазда" маркалы автокөлігін тартып алғаны туралы хабар келіп түскен.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қалада арнаулы іс-шара жарияланып, соның нәтижесінде айдап әкетілген көлік Сүйінбай даңғылында 1982 жылы туған әлдебір А есімді азамат айдап бара жатқан кезде ұсталды. Оны жәбірленуші таныды.

Ұсталған Алматыға жұмыс іздеп келген Алматы облысының тұрғыны болып шықты. ІІД қызметкерлері анықтағандай, ұсталған бұған дейін билік өкіліне қатысты қылмыс жасағаны үшін жаза жүктеген, делінген хабарламада.

"Ұсталғанның үстінен Түріксіб аудандық ІІБ қарақшылық шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар тағы бір сыбайласын іздестіріп жатыр", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны