23.08.2017, 17:37 6598

Алматыда барлық магистральды көшелердегі жол жөндеу жұмыстары аяқталды

Биылғы жылы қала бойынша 317 шақырым су құбырлары мен 265 шақырым кәріз желілерін салуға және қайта жасауға қаржы бөлінді. Ұзындығы 284 шақырым болатын жаӊа су құбырлары желісін іске қосу биылғы жылдыӊ күзінде 175 мыӊнан астам адам тұратын 35 мыӊ тұрғын үйді сумен қамтудыӊ орталық жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

Алматы. 23 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапарында жол және коммуналды инфрақұрылымды қайта жасау жұмыстарыныӊ барысын тексерді. Бүгінгі күні магистральды көшелердегі жоспарланған 151 шақырым жолдыӊ барлығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық маӊызы бар 85 көшелердегі жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады. 32 тротуарлардыӊ 26 шақырымы жаӊартылды және жөнделді. Биылғы жылы қала бойынша 317 шақырым су құбырлары мен 265 шақырым кәріз желілерін салуға және қайта жасауға қаржы бөлінді. Ұзындығы 284 шақырым болатын жаӊа су құбырлары желісін іске қосу биылғы жылдыӊ күзінде 175 мыӊнан астам адам тұратын 35 мыӊ тұрғын үйді сумен қамтудыӊ орталық жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

Шевченко және Конаев көшелерінде көлік қозғалысы ашылды, бұлардағы рельстер алынып тасталды, арық лотоктары төселуде, тротуарлар, Орбита ышқам ауданынан Көкбазарға дейінгі велодәліздіӊ бір бөлігі болып табылатын веложолдар абаттандырылуда.

Күрделі жөндеу жұмыстары жүрген Байтұрсынов көшесі бойымен Тимирязев көшесінен Абай даӊғылына дейінгі жолдар аумағы да жөнделіп, мұнда да көлік қозғалысы ашылды, тротуарлар мен веложолдар көріктендірілуде. Жандосов көшесініӊ ұзындығы 2,8 шақырым болатын учаскесіндегі күрделі жөндеу жұмыстары да аяқталып қалды. Қазіргі кезде мұнда қозғалыс бөлігі , тротуарлар мен веложолдар абаттандырылуда.

Асқаров көшесінен Ил-Фараби даӊғылыныӊ батыс бөлігіндегі ұзындығы 3,5 шақырым болатын су жүйелерін қайта жасалуда, соныӊ арқасында қыркүйек айында 200 мыӊға жуық қала тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қала әкіміне қайта жасалған учаскеге қара асфальт төселген соӊ 30 тамызда көлік қозғалысыныӊ ашылатындығы баяндалды. Алматы әкімі Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасыныӊ басшысына жұмысты жеделдетуді әрі сапалы атқаруды, аумақты көріктендіруге баса назар аударуды тапсырды.

Мегаполис басшысы Жұбанов, Төле би, Маметова және Қазыбек би көшелері бойындағы жылу жүйелерін қайта жасау жұмыстарын да тексерді.

"Төле би - үлкен көлік легі бар магистарльды көше. Мұнда ұзындығы 1,6 км болатын аумақта күшейтілген режимде жөндеу жұмыстары жүруде, технологиялық процесс толық сақталуда. Жұмысты 25 қыркүйекте аяқтауды жоспарлап отырмыз.Төле би бойымен Масанчиге бұрылатын жерден Қарасай батырға дейінгі аумақтағы жөндеу жұмыстарын тамыз айында бітіреміз, сонымен қатар Маметова мен Қазыбек би көшелеріндегі жөндеу жұмыстарын да осы мерзімде толық аяқтаймыз", - деді "Алматы жылу жүйесі" ЖШС директоры Ерболат Аманғалиев.

Жалпы, жаӊа жылу маусымына дейін ұзындығы 32 шақырымнан асатын жылу жүйелері жөндеуден өтеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп. Жұмыстар жаӊаша изоляцияланған құбырларды қолдану арқылы жүруде, бұлардыӊ пайдалану мерзіміу 40 жыл.

Сонымен қатар, қалада Фурманов, Абай, Хмельницкий көшелерін үӊгілеу және бірнеше жолайрықтарын салу жұмыстары одан әрі жалғасады. Абай даӊғылы бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, оныӊ солтүстік бөлігіндегі көлік қозғалысы 1 қыркүйекте, ал оӊтүстігіндегі көлік қозғалысы 1 қазанда ашылатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны