16.10.2009, 14:33 3316

Алматыда бес жасар қыз жоғалып кетті

Алматыда бес жасар қыз жоғалып кетті

Алматы. 16 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда бес жасар қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Түріксіб ауданында 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Шолохов көшесі 20/83 үйдегі жалға алынған пәтерден шығып кеткен Толғанай Мұхамеджанова есімді бес жасар қыз қайта оралмаған. Бұл мекен-жайда ол анасымен және оның құрбысымен бірге уақытша тұрып жатқан".

ІІД-нің түсіндіруінше, "полицияға қыздың тәрбиесімен шұғылданатын әкесі шағымдана келген. Жігіт қызын анасына бірнеше күнге әкеліп тастаған, ал оны қайта алуға келгенде қыз үйде болмай шықты".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "қыз үйден анасының құрбысы болып табылатын, аты Қайыпова Зарина, Шарипова Наргиз және Қырғызстан азаматшасы болуы мүмкін әйелмен бірге кеткені анықталды. Қазір оның аты-жөні анықталу үстінде".

Куәгерлердің айтуынша, соңғы рет қыз бен әйелді көше қиылысында және олар үйлерді аралап қайыр сұрап жүрген кезде көрген.

"Қазір бұл дерек бойынша Түріксіб АІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 125-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ийелге іздеу жарияланып, балаға қатысты ақпар көршілес облыстар мен Қырғызстанға жіберілді", - деп хабарлайды ІІД.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "баланы ұрлаған күдікті әйелдің өз баласы жоқ және қызды қара басының қамы үшін ұрлап әкеткен болуы ықтимал".

Қыз баланың жүрген жері жөніндегі ақпаратты білетіндерден мына телефондар арқылы хабар беруді сұрайды: 8 (727) 298-54-02, 298-54 08, 298-54-36, 8-701-416-33-24.

Қыздың белгілері: бойы 90 сантиметр, арықша келген, иығына дейін түскен ұзын ашық түсті шашы бар, қасы түзу, мұрны түзу, жұқалтаң келген ерні бар, көзі қоңырлау қара, құлағы жатыңқы келген. Күлгін түсті кофта мен күлгін түсті шалбар киген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны