13.06.2018, 11:17 6770

Алматыда биылғы жылы 130 мыӊнан астам шетелдік туристер болды

Соӊғы үш жылда шетелдік туристер саны 14%-ға өсті. Алматыда биылғы жылдыӊ алғашқы тоқсанында Оӊтүстік Кореядан, Индия мен Ресейден, ҚХР-нан, Түркиядан, АҚШ пен ГФР-нан 130 мыӊнан астам адам болды. Оныӊ үстіне туристік лектіӊ 80%-ға жуығы қалған үш тоқсанда келеді.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполистіӊ жетекші туроператорларыныӊ қатысуымен "Туризмді дамытудыӊ 100 қадамы" қалалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеӊейтілген кеӊес өткізді.

Соӊғы үш жылда шетелдік туристер саны 14%-ға өсті. Алматыда биылғы жылдыӊ алғашқы тоқсанында Оӊтүстік Кореядан, Индия мен Ресейден, ҚХР-нан, Түркиядан, АҚШ пен ГФР-нан 130 мыӊнан астам адам болды. Оныӊ үстіне туристік лектіӊ 80%-ға жуығы қалған үш тоқсанда келеді.

Қала әкімініӊ орынбасары Исел Жүнісова өзініӊ сөзінде халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ, Бүкіләлемдік Универсиаданыӊ, ОЭСР Еуразиялық апталығыныӊ, сонымен қатар "Star of Asia", "Spirit of Tengri", "Ұлы дала ойындары", "Алматы Марафон" және "Tour of Almaty" сынды музыкалық , спорттық шаралардыӊ өтуі туристер легіне оӊ ықпал еткенін атап өтті.

"Бүгінгі күні қала экономикасыныӊ 87%-ын қызмет көрсету саласы құрайды, алайда Алматыныӊ жалпы өӊірлік табысында туризмніӊ үлесі небәрі 1,5%. Мегаполистіӊ туристік әлеуетін арттыру мақсатында Алматы агломерациясыныӊ тау туризмі бойынша шеберлік - жоспары жасалды, оныӊ құрамына Медеу, Шымбұлак, Алматау және Бутаковка енді. Биылғы жылы әлемдік деӊгейдегі Kempinski және Novotel отелдерініӊ, түрлі бутик -отельдер мен хостелдердіӊ құрылыстарын аяқтау жоспарланған. Жыл аяғына дейін 14 халықаралық агенттіктер үшін БҰҰ-ныӊ өӊірлік ХАБ-ы ашылады. Париждіӊ, Стамбулдыӊ, Бангкоктыӊ тәжірибесі мұндай шараныӊ шетелдік туристер легін ұлғайтатынын, халықаралық деӊгейде қаланыӊ танымдылығын арттыратынын көрсетті", - деді Исел Жүнісова.

Ол сонымен қатар қазіргі кезде туристердіӊ көпшілігі өз беттерінше сапарға шығатынын, арнайы веб- тұғырлар арқылы демалыстарын жоспарлайтынын айтты.

"Жыл сайын Алматыға деген қызығушылық артуда, оны дестинация арқылы әлемдік TripAdvisor тұғырнамасынан көруге болады, онда қалаға қатысты сұраныс 465 тен 66 824 өтінімге өскен. Бұл тұғырнаманы көбінесе АҚШ-тыӊ, Ресейдіӊ, Ұлыбритания мен Индияныӊ,Германияныӊ азаматтары пайдаланады", - деп сөзін жалғастырды.

Өз кезегінде мегаполис әкімініӊ орынбасары Мұрат Дәрібаев Алматыныӊ басты туристік "қақпасы" ретінде көлік тораптарыныӊ модернизацияланып жатқанын айтты..

Ол келесі айдан бастап барлық қалааралық және халықаралық рейстердіӊ "Сайран" автовокзалы арқылы іске асатынын жеткізді. Қазіргі кезде ғимарат қайта жасалуда, оныӊ айналасы абаттандырылып, көлік- логистикалық инфрақұрылым модернизациялануда.

"Барлық заӊсыз конструкциялар алынып тасталды. Ғимараттыӊ кіре беріс бөлігін қайта жасау жоспарланған, сонымен қатар такси тұрақтары мен халықаралық қатынас аймағы кеӊейеді. Нысан ішінде локальді туристік орталық ұйымдастыру қарастырылуда, оған жақын және алыс шетелдермен жұмыс жасайтын қалалық туроператорлар орналасатын болады. Автовокзал ғимаратыныӊ ішінде қоғамдық тамақтандыру нүктелерін ашу үшін халықаралық брендтермен келіссөздер жүруде", - деп баяндады Мұрат Дәрібаев.

Бұлардан өзге,"Қазақстан темір жолымен" бірге "Алматы-1" және "Алматы-2" теміржол вокзалдарын қайта жасау жұмыстары жүруде. 200 автомобильді қысқа прокатка беру сервисін ашу жоспарланған. Егер өткен жылы Алматыда қоғамдық көліктіӊ 479 бірлігі алынса, биылғы жылы тағы да 569 жаӊа автобус қатарға қосылады.

Кеӊес барысында оған қатысушылар пәтерлерін қысқа мерзімді жалға беретін кәсіпкерлердіӊ жұмысын реттеуге баса назар аударды: "Қазіргі кезде магистральді көшелердіӊ бойында тұрған адамдар пәтерлерін тәулік бойына ұсынады. Олардыӊ жұмысы көлеӊкелі, салық төлемейді. Пәтерлерін жалға ұсынғандықтан, мүмкін оларды заӊдастырған жөн шығар. Бірыӊғай нүкте ұйымдастырып, оларға жағдай жасау қажет болар. Жұмыстарын жасасын, бірақ ресми түрде".

Бұлардан өзге, туристерді тасымалдайтын туристік компаниялар автобустарыныӊ сертификаттары қаралатын болады. Бұл шара қауіпсіздік пен қызмет көрсету сапасын арттырады.

Кездесу барысында Қазақстандық туристік ассоциация директоры Рашида Шайкенова Іле- Алатау саябағында туристердіӊ суретке және видеоға түскендері үшін ақша төлеудіӊ қаншалықты заӊды екені туралы мәселе көтерді.

Жиынға қатысып отырған Іле- Алатау паркініӊ бас директоры Дамир Малгелдиев тек коммерциялық түсірілімдерге ғана ақша төленетіні туралы жауап берді. Егер инспектор келушілерден ақша талап ететін болса, шара қолдану үшін әкімшілікке жүгіну керектігін айтты. Ол өзініӊ сөзінде Іле- Алатау паркін одан әрі дамыту туралы дирекцияныӊ арнайы концепция жасағанын, бұл құжатты Алматы қаласы Қоғамдық Кеӊесі мүшелерініӊ жіті қарап шығатынын атап өтті.

Еске салсақ, қала кеӊістігі жайлылығын қалыптастыру мақсатында Алматыда биылғы жазда 150-ден астам көше жөнделеді, 30 км тротуарлар жасалады, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаӊа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова,Төлебаев көшелері мен "Астана" алаӊынан өзге мегаполистіӊ бірқатар негізгі даӊғылдары түгелдей жаӊарады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны