07.08.2008, 18:55 2919

Алматыда бір әйел Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша жауапқа тартылмақшы

Алматыда бір әйел Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша жауапқа тартылмақшы

Алматы. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда бір әйел Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша жауапқа тартылмақшы, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасында оның үстінен үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Олар - жеңгетайлық, кәмелеттік жасқа толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту, сондай-ақ, жынойнақ ұйымдастыру", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыстармен күрес басқармасының бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бақыт Балғымбаев.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері кезекті жынойнақты анықтаған. Оған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны иелік еткен. Ирқайсысында 13 қыздан тұрған бір бөлмелі екі пәтер Тузов көшесіндегі үйлердің бірінде орналасқан екен. 26 бойжеткеннің барлығы да Өзбекстаннан келгендер болып табылады. Оның үшеуі кәмелеттік жасқа толмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны