03.02.2010, 16:40 3135

Алматыда бір коммерциялық банктің инкассатор-кассирі банкоматты бұзу арқылы 2 млн астам теңгені ұрлауға әрекет жасады

Алматыда бір коммерциялық банктің инкассатор-кассирі банкоматты бұзу арқылы 2 млн астам теңгені ұрлауға әрекет жасады

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда бір коммерциялық банктің инкассатор-кассирі банкоматты бұзу арқылы 2 млн астам теңгені ұрлауға әрекет жасады. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қ.Жұмановтың айтуынша, "2 ақпан күні 19 сағат 15 минутта Алматы қаласының ІІД Жедел басқару орталығына "ЛюМир" сауда үйінде орналасқан екінші деңгейдегі банктердің бірінің банкоматы бұзылып ашылғаны туралы хабарлама келіп түсті".

Кейіннен анықталғандай, банкоматқа белгісіз екі адам келіп, аппаратты жөндегендей кейіппен оны бұзып, ірі мөлшерде ақша ұрлап кеткен. Келтірілген зиян көлемі анықталуда.

"Полиция қызметкерлері бірнеше сағаттан кейін осы банктің 26 жастағы инкассатор-кассирін ұстады, ол бұл қылмысты өзінің үш сыбайласымен бірге жасаған. Күдіктіден 2 млн теңгеден астам ақша алынды. Қазіргі уақытта ұрлық жасауға қатысқан басқа қылмыскерлерді ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны