03.07.2008, 12:12 1139

Алматыда бір тәулікте героин сатты деген күдікпен үш адам ұсталды

Алматыда бір тәулікте героин сатты деген күдікпен үш адам ұсталды

Алматы. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда бір тәулікте героин сатты деген күдікпен үш адам ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есірткі саудасымен күрес басқармасына Алматыдағы бір ықшамауданда жас жігіт есірткі сатумен шұғылданады деген шұғыл ақпарат келіп түскен.

"Ақпаратты тексеру үшін арнаулы топ құрылды. Біздің қызметкер сатып алушының кейпінде есірткі сатушыны кездесуге шақырған. Қылмыскер героин сатып жатқан сәтте қылмыс үстінде құрықталды", - деді Алматы қалалық ІІД-нің Есірткі саудасымен күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Кебекбаев.

Сараптама қорытындысы тәркіленген героин салмағы 2 грамм екенін анықтады. Е. Кебекбаевтың айтуынша, 31 жастағы алматылықтың бұл бірінші рет оперативтік қызметкерлердің көзіне түсуі емес. Ол бұған дейін де есірткіге қатысты қылмыспен екі мәрте сотталған.

Тағы бір есірткі сатушы Алматының Түріксіб ауданында, ал үшінші саудагер - 29 жастағы алматылық әйел Райымбек көшесінде қолға түсті.

"Қазір олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, героиннің қалаға жеткізілу арнасы тексеріліп жатыр", - деді Е. Кебекбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны