19.05.2010, 17:20 3094

Алматыда бір тұрғынның үйінен 3 килограммнан астам героин табылды

Алматыда бір тұрғынның үйінен 3 килограммнан астам героин табылды

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда бір тұрғынның үйінен 3 килограммнан астам героин табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алматы қаласының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлінісінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "Мерседес-Бенц" автомашинасының салонынан жалпы салмағы 936 грамм героин оралған пакетті тәркіледі. Ұсталған жолаушылардың бірінің үйін тексеру кезінде 3 килограммнан астам (3 кг 170 грамм) героин оралған 3 пакет табылды. Алынған героиннің сатуға арналғаны белгілі болып отыр. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде",- деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, сондай-ақ, Алматы қаласының көшесінде Жамбыл облысында туып-өскен 25 жастағы азамат ұсталды, одан жеке тексеру барысында 900 грамға жуық героин тәркіленді. Есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жамбыл облысының полиция қызметкерлері арнайы операция барысында Мерке ауданының "Жиек" учаскесінде тұрғылықты тұрғынды ұстады. Одан 120 килограмм марихуанна тәркіленді. Есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деді Қ.Жұманов.

ІІМ мәліметінше, апта ішінде 1928 қылмыс жасалды, оның ішінде "ізі суымай" 1503, сондай-ақ бұрын жасалған 447 қылмыс ашылды. 125 қылмыс жасаған күдікті табылып, 9 қару тәркіленді. Сонымен қатар 154 есірткі қылмысы, оның ішінде 33 есірткі сату фактісі анықталды. 152 килограмнан астам есірткі, оның ішінде 6 килограмға жуық героин тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны