19.09.2017, 15:34 4891

Алматыда бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасыныӊ басшысы болып Мақсат Қиқымов тағайындалды.

Алматы. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда бірқатар кадрлық тағайындаулар болды. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасыныӊ басшысы болып Мақсат Қиқымов тағайындалды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы болып Ілияс Өсеров атанды. Бүгін қаланыӊ Сәулет және қала құрылысы басқармасыныӊ жаӊа басшысы да таныстырылды. Бұл лауазымға бұған дейін "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми - зерттеу және жобалау институты" АҚ-ныӊ бас директоры қызметін атқарған Нұрлан Уранхаев ие болды.

Қиқымов Мақсат Сәкенұлы - бұған дейін Алматы қаласыныӊ Экономика және бюджеттік жоспаралу басқармасыныӊ басшысы қызметін атқарған.

Еӊбек жолын Алматыдағы "Альянс банк" АҚ филиалыныӊ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімініӊ маманы болып бастаған. Ир жылдары Алматы қаласындағы "Альянс банк" АҚ "Алатау" филиалында бөлімніӊ, басқарманыӊ бас бухгалтерініӊ орынбасары, бас бухгалтердіӊ міндетін атқарушы,"Астана - финанс" банкі АҚ- ныӊ Алматы филиалыныӊ бэк- офисініӊ меӊгерушісі, "Трансервис-Миллениум" ЖШС-тіӊ қаржы директоры, "Кредит Алтын Банк" АҚ-ныӊ методология, автоматизация және бизнес-процестер басқармасыныӊ бастығы, бас бухгалтер- басқарма мүшесі, "Bank RBK" АҚ банк технологиясы Департаменті директорыныӊ орынбасары, "Алматы қаласыныӊ Қаржы басқармасы"МҚК басшысыныӊ орынбасары және "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жопарлау басқармасы"МҚК-ынныӊ басшысы қзыметтерін атқарған.

Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы қызметіне осы басқарма басшысыныӊ орынбасары болған Ілияс Өсеров тағайындалды.

Өсеров Ілияс Ерікұлы - бұған дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысыныӊ орынбасары қызметін атқарған.

Еӊбек жолын Алматы қаласындағы "Сбербанк" ДБАО филиалыныӊ несиелік әкімішілікк бөлімініӊ несиелік әкімшісі болып бастаған. Кейін осы банктіӊ Алматы филиалында несиелік әкімшілік секторыныӊ жетекші маманы болған. Ир жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігініӊ қаржы секторын дамыту Басқармасы мен инвестициялық саясат Департаментініӊ сыртқы көмекті үйлестіру секторыныӊ сарапшысы, бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігініӊ қаржы секторын дамыту Басқармасы мен инвестициялық саясат Департаментініӊ бастығы, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі мемлекеттік міндеттемелер мен қаржы секторын саяси дамытуды басқару секторы Департаментініӊ қаржы секторын саяси дамыту Басқармасыныӊ басшысы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы материалдық- техникалық қамтамасыз ету басқармасыныӊ басшысы қызметтерін атқарған.

Уранхаев Нұрлан Тельманұлы - бұған дейін "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми - зерттеу және жобалау институты" АҚ-ныӊ бас директоры болған

Еӊбек жолын 1987 жылы "Казпромтехмонтаж" тресініӊ Семейдегі монтаждау басқармасында слесарь-монтаждаушы болып бастаған , кейін шебер, учаске прорабы болған. Ир жылдары "Зергер"өндіріс- қаржы копорациясыныӊ бас директоры, президенті, "Аққұс" АҚ-ныӊ, "Сұӊқар" ЖШС-ніӊ, "Казиркутсклес" АҚ біріккен кәсіпорындарыныӊ президенті және басқа қызметтерді атқарған. Шығыс Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары болған. ҚР ТЖМ мемлекеттік материалдық резервтер Комитеті Төрағасыныӊ орынбасары, ҚР Премьер- министрі Кеӊсесініӊ индустриалды- инновациялық даму Бөлімі меӊгерушісініӊ орынбасары, ҚР Президенті Икімшілігініӊ мемлекеттік инспекторы, "Ертіс" ҰК ИКК" АҚ басқарма төрағасыныӊ оырнбасары, Қызылорда облысы әкімініӊ орынбасары, Қазақстан Республикасы тұтынушылар құқығын қорғау Агенттігі төрағасыныӊ орынбасары, ҚР Ұлттық экономика министрініӊ кеӊешісі лауазымдарын атқарған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны