08.07.2014, 20:51 3261

Алматыда бокстан Қазақстан Президенті Кубогының турнирі өтеді

Қазақстан Президенті Кубогының IV халықаралық турниріне 12 елден (Изірбайжан, Ирак, Куба, Қырғызстан, Монғолия, Ресей, Тәжікстан, Тайланд, Өзбекстан, Уркаина, Филиппин мен Қазақстаннан) 104 спортшы қатысады.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. 8-13 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт Сарайында Қазақстан Президенті Кубогына ересектер арасында бокстан IV халықаралық турнир өтеді. Бұл турнир елімізде жыл сайын Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA)қолдауымен өткізіледі.

Қазақстан Президенті Кубогының IV халықаралық турниріне 12 елден (Изірбайжан, Ирак, Куба, Қырғызстан, Монғолия, Ресей, Тәжікстан, Тайланд, Өзбекстан, Уркаина, Филиппин мен Қазақстаннан) 104 спортшы қатысады. Барлық он салмақ дәрежесі бойынша біздің елден басқа Куба, Өзбекстан, Изірбайжан мен Украина спортшылары бар, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру агенттігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы Қазақстанның ұлттық құрамасының жылыдң басты біріншілігі Инчхондағы Азия ойындарына дайындығының пысықтау жұмыстары болып табылады.

Қазіргі қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Кубогын Біржан Жақыпов мен Иван Дычко екі реттен алса, Серік Сәпиев үш рет ұтқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны