12.06.2007, 16:49 3685

Алматыда БҰТ тест тапсырмаларының жауаптарының дұрыс нұсқаларын таратқан қылмыстық топ құрықталды - ҰҚКД

АЛМАТЫ. 12 - маусым. Kazakhstan Today. Алматыда БҰТ тест тапсырмаларының жауаптарының дұрыс нұсқаларын таратқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. "Тестілеудің екінші күнінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Алматыда тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарын таратуды ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның жеті азаматы құрықталды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

АЛМАТЫ. 12 - маусым. Kazakhstan Today. Алматыда БҰТ тест тапсырмаларының жауаптарының дұрыс нұсқаларын таратқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Тестілеудің екінші күнінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Алматыда тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарын таратуды ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның жеті азаматы құрықталды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен. Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіндегілердің айтуынша, ұсталғандардан дұрыс жауаптар белгіленген қағаз және электрондық тасымалдаушыдағы мәліметтер базасы, сондай-ақ қаланың әртүрлі жоғарғы оқу орындарына БҰТ тапсырушы талапкерлердің тізімі мен олардың кіруге рұқсат қағаздарының көшірмесі табылып, тәркіленген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері талапкерлерден берген уәде үшін сыйақы ретінде алған 25 500 АҚШ доллары мен 2 млн теңгеден астам ірі көлемдегі соманы тапқан.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, БҰТ тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарының 10 мың коды жазылған компакт-дискіні 1 млн 300 мың теңгеге заңсыз сату үстінде қылмыстық топты ұйымдастырушылардың бірі ұсталған.

Қазіргі уақытта Алматы қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 172-бабының 1-тармағы бойынша мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алғаны және таратқаны үшін қылмыстық іс қозғады.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінен тестілеудің бірінші күнінде Алматыда 180-нен астам заң бұзушылықтар болған. Олардың тестілеуге басқа адамның өтуіне қатысты 20 дерек, БҰТ кезінде дұрыс жауаптардың кодын алу үшін ұялы телефондар пайдалануға байланысты 40 астам дерек, сонымен қатар оқуға түсушілерден дұрыс жауаптардың коды жазылған жазбалар тәркілеуге қатысты 30 дерек.

"Қазіргі уақытта көрсетілген барлық эпизодтар бойынша Алматы прокуратурасының санкциясымен БҰТ дұрыс жауаптарының нұсқаларын алу және таратуға қатысты барлық тұлғаларды анықтауға, сонымен қатар дұрыс жауаптардың кодтарының таралу көзін анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жалғасуда",- деп атап өтті Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны