20.06.2018, 19:05 10015

Алматыда цифрландыру күндері аясында стартап-ортаны дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды

Мегаполис басшысы жаӊа технологияларды енгізу процестерді ашық жүргізуге және операциялық шығындарды азайтуға ықпал ететінін, сонымен қатар мемлекеттік аппарат пен бизнесте тиімді әкімшілікке қол жеткізетінін атап өтті.

Алматы. 20 маусым. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек цифрландыру күндері аясында қаланыӊ стартап- компанияларыныӊ өкілдерімен кездесті. "Smart.Point" технологиялық кеӊістігініӊ алаӊында бейресми түрде стартап- ортаны дамытудыӊ барынша маӊызды мәселелері талқыланды.

Бүгінгі күні Алматы цифрландыруды енгізу және еліміздіӊ барлық ІТ өнімдерін шығару бойынша көшбасшы. "Ақылды қала" концепциясы барысында қауіпсіздік, қоғамдық көлік, білім және денсаулық сақтау салаларында жүйелі цифрландыру жобалары іске асуда. Бұл креативті кәсіпкерлер мен стартаперлер үшін ірі нарық болып табылады.

Мегаполис басшысы жаӊа технологияларды енгізу процестерді ашық жүргізуге және операциялық шығындарды азайтуға ықпал ететінін, сонымен қатар мемлекеттік аппарат пен бизнесте тиімді әкімшілікке қол жеткізетінін атап өтті.

"Мемлекеттіӊ міндеті -бюрократтық кедергілерді барынша азайту, тиісті инфрақұрылымды қалыптастыру, бизнес бастамаларды ынталандыру. Ол үшін қалада түрлі қолдау шаралары жүзеге асуда, соныӊ ішінде арнайы экономикалық аймақтар және механизмдер арқылы кәсіпкерлер қаржылық ресурстарға қол жеткізуде. Дегенмен, кедергілер де баршылық, ал оларды дұрыс шешу үшін біз жұмыс жасап жатқан компаниялар өкілдерімен ғана емес, істі енді ғана қолға алған стартаперлермен де тұрақты кездесеміз", - деді Бауыржан Байбек.

Алматылық стартаперлермен кездесу кезінде әлемніӊ оқу орындарындағы гранттар мен стипендиялар туралы ақпарат беретін "NeUpusti.net" сервисі, "Web-касса" касаалық аппараты, "Бухта" онлайн- бухгалтериясы, құжаттар мен адамдардыӊ жүзін анықтайтын "Verigram" жүйесі, "Torgai" қаржы есебініӊ онлайн-платформасы, айыппұлдарды төлеу және тексеру жөніндегі "Okauto" сервисі таныстырылды..

Кездесу барысында Бауыржан Байбек Алматы әкімдігініӊ кері байланыс пен практикалық міндеттерді шешу үшін мұндай кездесулерді тұрақты өткізіуге дайын екенін айтты. Өз кезегінде "Relog" компаниясыныӊ негізін қалаушы, көлік логистикасын оӊтайландыру жөніндегі сервисті қамтамасыз етуші "Тәртіп" АҚ жұмыс істеудіӊ күрделі екені туралы мәселе көтерді.


"Біздіӊ өніміміз арнайы көлік логистикасына кететін шығынды азайтады, ал бұл тұрмыстық қатқыл қалдықтарды тасымалдаумен айналысатын компания үшін өте тиімді. Оӊтайландыру көлік бағытын ұтымды ұйымдастыру,мониторинг пен жүйедегі сараптама функциялары есебін дұрыс басқару барысында жүзеге асады", - деді Бауыржан Рүстемов.

Мегаполис басшысы тиісті басқармаларға қаланыӊ коммуналдық қызметтерінде олардыӊ жұмыс тиімділігін арттыру үшін компаниялардыӊ IT-өнімдерін пайдалану жөнінде тапсырма берді.

"Біз үшін "Ақылды қала" - тұрындар мен биліктіӊ іске трансформациялық және мәдени тұрғыдан келуі. Технологиялар - бұл барлық басқару процесстерініӊ тиімділігін арттырудыӊ құралы ғана. Біз сіздерден жаӊа әрі пайдалы өнімдерді, креативті идеяларды күтеміз және өзгерстерге дайынбыз, осы жолмен бірге жүретін боламыз", - деп атап өтті қала басшысы.

"SmArt.Point" жобасы - бұл технологиялық кеӊістік немесе IT-хаб, оныӊ құрамына жоғары технология мен креативті бизнес саласындағы 40 компания енген. Орталық тәулігіне 24 сағат бойына, аптасына жеті күн ішінде істейді. Мұнда сөйлесетін бөлмелер, ойын алаӊдары, спорт залы бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны