17.03.2014, 19:50 2567

Алматыда "Достастықтың мәдени астанасы" бағдарламасы аясында шаралар өтеді

Достастықтың мәдени астаналары ретінде 2014 жылы Алматы мен Ош қалалары жарияланды.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan today. Мемлекетаралық гуманитарлық достастық қорының қолдауымен ТМД қатысушы елдердің "Алматы - Достастықтың мәдени астанасы" шаралар циклы 19 наурыз күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында басталады.

Шараға ТМД елдерінің делегациялары, ТМД Атқарушы комитеті, өнер және мәдениет қайраткерлері, Мемлекетаралық гуманитарлық достастық қоры өкілдері қатысады.

Бағдарлама ТМД елдерінен келген өнер майталмандарының гала-концертімен ашылады. Оның Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера балет театрының симфоникалық оркестрі сүйемелдейді.

Айта кетейік, "Мемлекетаралық "Мәдени астаналар достастығы" бағдарламасын ТМД мемлекет басшылары 2012 жылы мәдени ынтымақтастық саланы дамыту мақсатында құрған болатын.

Достастықтың мәдени астаналары ретінде 2014 жылы Алматы мен Ош қалалары жарияланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны