29.07.2008, 16:35 2895

Алматыда дүкен сатушысына жасалған қарақшылық шабуыл ізі суымай ашылды

Алматыда дүкен сатушысына жасалған қарақшылық шабуыл ізі суымай ашылды

Алматы. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда дүкен сатушысына жасалған қарақшылық шабуыл ізі суымай ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы қаласының Түріксіб ауданында орналасқан "Айна" дүкенінің сатушысына жасалған шабуыл туралы ақпарат шұғыл басқарманың кезекшілік орталығына таңертең ерте келіп түскен. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз екі жігіт дүкенге басып кіріп, сатушының бетін жарақаттайтын тапаншамен атып, кассадағы ақшаны алып кеткен.

"Оқиға орнына қатарынан екі "Боран" автопатрулі келген. Күдіктілердің сипаттамасын алған полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық аумақты түгел тінтіп шыққан. Дүкеннен алыс емес жерде күдіктінің екеуі де қамауға алынды", - деп хабарлады Түрксіб аудандық ІІБ бастығы полиция полковнигі Нұрлан Мошкалов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны