25.04.2014, 19:10 1798

Алматыда ЕЭК жанындағы кедендік реттеу комитетінің отырысы өтті

Бүгін Алматы қаласында Еуразиялық экономикалық комиссиясы жанындағы кедендік реттеу бойынша Консультативтік комитеттің отырысы өтті.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Алматы қаласында Еуразиялық экономикалық комиссиясы жанындағы кедендік реттеу бойынша Консультативтік комитеттің отырысы өтті.

Кеден одағында уәкілетті экономикалық операторлардың институтын дамыту отырыстың негізгі мәселесі болды, деп кедендік бақылау комитетінде хабарлады. Кездесуге қатысушылары уәкілетті экономикалық операторлардың институтын және осы сектордың кәсібилігінің басымдықтарын анықтаудың негізгі аспектілерін талқылады.

Кеден одағының Кеден кодексін және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексін қабылдауға байланысты Киото конвенциясының нормаларына және қауіпсіздік және әлемдік сауданы жеңілдетудің негіздемелі стандарттарына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор (бұдан әрі - УЭО) деген жаңа ұғым енгізілді.

УЭО негіздемелі стандарттарына сәйкес - бұл оның қызметі кеден әкімшілігінің тауарды жеткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету нормаларына сәйкес келетін ретінде мақұлдауын алған сыртқы экономикалық қызметке қатысушы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны