13.04.2007, 16:04 3493

Алматыда екі күн ішінде заңсыз сақталған 12 қару-жарақ тәркіленді

АЛМАТЫ. 13 - сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда "Қару" жедел-профилактикалық іс-шара барысында екі күн ішінде заңсыз сақталған 10 қару тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің лицензиялық-рұқсат беру жүйесі қызметкерлерінің мәліметтеріне сүйенсек, барлығы 12 қару тәркіленген, олардың 2- ойындылы қару, 7 шолақ мылтық, 2 газ тапаншасы, 1 граната мен 59 оқ",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Атап айтқанда, полицейлер РГД-5 гранатасын тәркілеген. "Оны бұрын бөтен мүлікті ұрлағаны үшін сотты болған Алматы тұрғыны өзінің саяжайында сақтаған",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Сонымен қатар, Бостандық АІІБ учаскелік инспекторы жұмыссыз біз азаматты құрықтаған, оны тінту барысында 99 мм калибр оғын атуға арналған қолдан жасалған тапанша табылған.

Полицейлер екі күн ішінде барлығы бес мыңдай қару иелерін тексерген. "237 адам қаруды сақтау және алып жүру ережесін бұзған",- деді ішкі істер департаментіндегілер. Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қару-жарақ сатумен айналысатын 42 дүкен мен ұйым тексерілген, нәтижесінде 16 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны