20.05.2010, 15:51 3192

Алматыда екінші деңгейлі банктердің бірінен жалған құжаттар арқылы несие алу және заңдастыру жолымен 4 млн АҚШ долларын ұрлаған азаматтар сотталды

Алматыда екінші деңгейлі банктердің бірінен жалған құжаттар арқылы несие алу және заңдастыру жолымен 4 млн АҚШ долларын ұрлаған азаматтар сотталды

Астана. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда екінші деңгейлі банктердің бірінен жалған құжаттар арқылы несие алу және заңдастыру жолымен 4 млн АҚШ долларын ұрлаған азаматтар сотталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қаржы полициясы органдарымен несие алу мақсатында жалған құжаттарды қолданумен банк саласында жасалған көптеген алаяқтық әрекеттер анықталды.

Алматыда 6 жылдан 9 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазаларына "Камаз Транссервис" ЖШС директоры Демченко және оның бағыныштылары Цой мен Якубович сотталды. Олар екінші деңгейлі банктердің бірінен жалған құжаттар арқылы несие алу және заңдастыру жолымен 4 млн АҚШ долларын ұрлаған",- деді ресми өкіл.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Оңтүстік-Қазақстан облысында мүлкін тәркілеумен 5,6 жыл бас бостандығынан айыруға Базарбаева сотталды. Ол жалған құжаттар пайдалану арқылы коммерциялық банктерінің бірінен 42,6 млн теңге ұрлаған.

Қаржы полициясы органдарының статистикасы көрсеткендей, қысқа мерзімде арзан несие алуға тырысатын азаматтар көп жағдайда алаяқтардың құрбанына айналады.

"Алматы қаласында әрбіреуі 5 жыл бас бсотандығынан айыруға Еркінбекова мен Ақылбаева соталды. Олар шетелдік банктерінің бірінен несие алып беремін деген алдаумен Б. деген азаматтың 280 мың АҚШ долларын иемденіп кеткен",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны