17.09.2010, 17:48 4174

Алматыда экологиялық полиция бөлімшесін ашу қажет - ІІД бастығы

Алматыда экологиялық полиция бөлімшесін ашу қажет. Бұл туралы қала мәслихатының отырысында Алматы қаласының ІІД бастығы Ерлан Тұрымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 17 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда экологиялық полиция бөлімшесін ашу қажет. Бұл туралы қала мәслихатының отырысында Алматы қаласының ІІД бастығы Ерлан Тұрымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Е. Тұрғымбаевтің хабарлауынша, апаттық жағдайда жүргізіліп отырған сауда-саттықпен және қоршаған ортаны ластаумен күрес жүргізіп, оны бақылауға алатын ІІД-де экологиялық бөлімше құру қажет. Астанада экологиялық полиция құрылып, бір жылдан бері жұмыс істеп келеді.

"Сіздерден құрамында 75 адам болатын экологиялық полиция құруға қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Бұл әрбір ауданға 10 адамнан деген сөз. Бүгінгі күнде бұл жұмысты учаскелік полицейлер атқаруда",- деді ІІД бастығы.

Оның айтуынша, учаскелік полицейлердің "иығындағы жүк" өте ауыр. Сонымен қатар учаскелік полицейлердің штаттық санын кеңейту керек. "Бүгінде Алматыдағы 2 млн тұрғынға 390 учаскелік инспектор қызмет етеді. Ирбір инспекторға 4 мыңнан астам адам жүктеледі. Ал норма бойынша бір учаскелік инспектор 3 мыңнан артық емес адам тұратын аумаққа қызмет етуге тиіс. Бүгінде қалаға тағы 110 учаскелік инспектор қажет",- деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны