19.07.2012, 19:24 2941

Алматыда экономикалық интеграция жөніндегі жедел штабтың алғашқы отырысы өтті - баспасөз баяны

Жедел штабтың мақсаты - бизнес пен мемлекеттік органдардың арасындағы байланысты нығайту, Кедендік Одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында қалыптасқан құқықтық базаны кәсіпкерлерге түсіндіріп, отандық бизнеске көрші елдердің нарығына шығуда қолдау көрсету.

Бұл құрылым Экономикалық даму және сауда министрлігі жанынан құрылды. Оның басқосуына еліміздің салалық бірлестіктері мен жеңіл өнеркәсіп, жиһаз, тағам өнімдерін, сусын шығарушылар, тұрмыстық техника, машина жасаушылар, басқа да кәсіпкерлік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Жедел штабтың мақсаты - бизнес пен мемлекеттік органдардың арасындағы байланысты нығайту, Кедендік Одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында қалыптасқан құқықтық базаны кәсіпкерлерге түсіндіріп, отандық бизнеске көрші елдердің нарығына шығуда қолдау көрсету.

"Бүгін көптеген мәселелер талқыланды. Соның ішінде қосарланған құн салығынан босату, біздің кәсіпкерлерге Ресей, Беларусь нарығына шығуға кедергі болып отырған мәселелерді шешу, Мысалы, осы уақытқа дейін Қазақстанда жиналған көліктің сертификатын ресейлік кеденшілер мойындамайтын. Бұл мәселе жақында шешімін таппақ. Демпинг, техникалық және санитарлық регламент. Осы мәселелердің бәрін реттеуіміз керек",- деп хабарлады ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны