01.03.2018, 14:31 4614

Алматыда еліміздіӊ құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған жетінші жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

Мемлекет басшысыныӊ "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты тақырыптағы Жолдауында азаматтардыӊ конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет деп айтылған

Алматы. 1 наурыз. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 1-2 наурызда еліміздіӊ құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған жетінші жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция болады. Форумныӊ осы жолғы тақырыбы - "Конституциялық новеллаларды іске асыру - қылмыстық сот ісін жүргізудіӊ тиімді үлгісін қамтамасыз ету кепілі".

Белгілі болғандай, өткен жылы конституциялық реформа жүргізілді, ол соныӊ ішінде сот және құқық қорғау жүйесін де қозғаған болатын.

Республика Президентініӊ заӊнамалық бастамасы тәртібінде "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне құқық қорғау қызметініӊ процестік негіздерін жаӊғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊды қабылдау да өткен жылдыӊ жаӊалығы болды, онда қылмыстық процестіӊ сотқа дейінгі сатысында сот бақылауыныӊ шегі кеӊейтілген, қылмыстық қудалауды ұйымдастыруда жаӊа көзқарастар қаланған және сот төрелігін жүзеге асыру рәсімдері жаӊғыртылған.

Мемлекет басшысыныӊ "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты тақырыптағы Жолдауында азаматтардыӊ конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет деп айтылған.

Осыған байланысты, конференцияныӊ мақсаты енгізілетін жаӊашылдықтарды іске асыру тетіктерін талқылау және Мемлекет басшысыныӊ Жолдауда және а.ж. 9 ақпанда болған Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында берген тапсырмасы аясындағы одан арғы шараларды айқындау болып табылады.

Іс-шараны Конституциялық Кеӊес, Жоғарғы Сот және Қазақстан Республикасыныӊ Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ Қорынмен, Еуропалық Кеӊес Венециялық Комиссиясымен, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары кеӊсесімен, Халықаралық құқықтық ынтымақтастық Германия қорымен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференция жұмысына Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдардыӊ, үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарыныӊ өкілдері және қаралатын саладағы белгілі құқықтанушы-ғалымдар қатысады деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны