14.09.2006, 17:38 2834

Алматыда есіркінің екінші айналымға түсу проблемасының өзектілігі артты - ҰҚКД

АЛМАТЫ. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Орталық Азия елдерінен есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау ауқымы арта түскен қазіргі жағдайда Алматыда парақорлықпен тікелей байланысты есіркінің екінші айналымға түсу проблемасыынң өзектілігі артты. Оған өзінің қызмет бабын қарақан басының қамына пайдаланатын ішкі істер органдарының жекелеген қызметкерлерінің де қатысы бар". Бұл туралы 13-қыркүйекте Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың төрағалық етуімен мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша өткен кеңесте Алматы қалалық ҰҚКД-нің бастығы Нұржан Мырзалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі әкімшіліктің сайтына сілтеме жасап.

Н.Мырзалиевтің айтуынша, шілде айында Тәжікстан Республикасының қауіпсіздік министрлігімен бірлесе өткізген арнаулы шара барысында еліміздің ІІМ-нің 10-департаменті 10-бөлімі қызметкерінің халықаралық қылмыстық топтың іс-қызметіне қатысы бар екені анықталды. Ол 26-тамызда героин сатушыдан ақша алып жатқан жерінен қолға түсті.

Сонымен бірге 22-тамызда шұғыл-іздестіру шараларының барысында есірткінің екінші айналымын ұйымдастырғаны және оған қатыстылығы үшін, оларды заңсыз сақтағаны және заңсыз есірткі айналымына қатысы бар республика азаматтарының қылмыстық іс-әрекетінің дәлелдерін фальсификациялағаны үшін ҚР ІІМ көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІД мен 10-департаменттің қызметкерлері ұсталды.

Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны