13.04.2018, 10:04 5866

Алматыда ғарыштық техниканыӊ ғылыми-эксперименттік зертханасы ашылды

Жаӊа зертхана Ғарыштық техника және технологиялар институтыныӊ құрылымдық бөлімі болып табылады және ғарыштық техника мен технологияларды құру мен қолдануда Қазақстанныӊ қатысуын анағұрлым арттырады

Алматы . 13 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаласында Қазақстан экономикасыныӊ түрлі салаларындағы соӊғы тұтынушылар үшін ғарыштық техника мен технологиялар және аппараттық-бағдарламалар жүйесі саласындағы жоғарытехнологиялы өнімдерді әзірлеуге арналған жаӊа инновациялық ғылыми-эксперименттік зертхана ашылды.

Жаӊа зертхана Ғарыштық техника және технологиялар институтыныӊ құрылымдық бөлімі болып табылады және ғарыштық техника мен технологияларды құру мен қолдануда Қазақстанныӊ қатысуын анағұрлым арттырады, ғарыш қызметініӊ ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамытуды жаӊа белестерге көтеруге, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, машина жасау, микро- және радиоэлектроника саласында инновациялық жобаларды табысты іске асыруға жол ашады.

Зертхана 2018 жылғы 6 сәуірде пайдалануға берілді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетініӊ төрағасы Еркін Шаймағамбетов тиісті құжаттарға қол қойды. Зертханаға құрамына ғарыштық аппараттардыӊ (ҒА) радиоэлектронды жүйелерін (РЭЖ) тестілеу және сынаудыӊ өлшеу аспаптары мен аппаратуралары кешені, ғарыштық аппараттармен байланыс арналарын қамтамасыз ету үшін қабылдау-тарату жүйелерініӊ радиожиілікті трактін әзірлеуге арналған аспаптар кешені, жер серігі навигациялық технологияларын әзірлеу аспаптары мен аппаратуралары кешені, жаӊа бұйымдардыӊ эксперименттік және сынақ үлгілерін дайындауға арналған механикалық бөлімшесі кіреді.

Ғарыштық техника мен технологияларды әзірлеу және сынау ғылыми-эксперименттік зертханасыныӊ жабдықтары, аспаптары мен аппаратуралары Қазақстан Республикасы экономикасыныӊ түрлі салаларында қолдануға арналған ғарыштық техника мен технологиялардыӊ, ақпараттық-коммуникациялық жүйелердіӊ, бағдарламалы-техникалық кешендердіӊ жаӊа үлгілерін жасап шығаруға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны