02.04.2007, 15:46 3249

Алматыда "Хизб-ут-Тахрир" діни-экстремистік партиясының 700 үнпарағы тәркіленді

АЛМАТЫ. 2-сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда "Хизб-ут-Тахрир" діни-экстремистік партиясының 700 үнпарағы тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің экстремизммен және сепаратизммен күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып жүргізген жедел шаралар барысында "Алатау" базарының орталық есігінде еркекті ұстаған. "Жеке тексеру жүргізу барысында ұсталған еркектен "Хизб-ут-Тахрир" діни-экстремистік партиясының 700 үнпарағы оралған полиэтиленді дорба тәркіленді",- деді баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің сөздеріне сүйенсек, 31-наурызда Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің экстремизммен және сепаратизммен күрес басқармасына Хизб-ут-Тахрир" діни-экстремистік партиясының мүшелері "Алатау" орталық базарының аумағында жаппай үнқағаздарын таратпақ ниетте деген жедел ақпарат келіп түскен. "Үнпарақтарында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерінің "Хизб-ут-Тахрир" діни-экстремистік партиясының 50 мүшесін ұстап, қамауға алғандығы баяндалған",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ баспасөз қызметінен хабарлағандай, тәркіленген үнпарақтары психологиялық-филологиялық сараптамаға жіберілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны