02.10.2007, 14:25 2771

Алматыда "Іздеу" жедел-профилактикалық шаралары барысында 40 қылмыскер құрықталды

Алматыда "Іздеу" жедел-профилактикалық шаралары барысында 40 қылмыскер құрықталды


Алматы. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "Іздеу" жедел-профилактикалық шараларын жүргізу барысында 40 қылмыскер құрықталды, олардың үшеуі басқа республикалардың аумағында ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген тұлғалар болып табылады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жедел-профилактикалық шараларды жүргізу барысында криминалдық полиция басқармасы мен басқа да қызметтердің қызметкерлерінің қатарынан тергеуден қашып жүрген тұлғаларды анықтап, ұстау үшін қосымша арнайы жедел-іздестіру тобы құрылған. "Біз мұндай күндері басқа аймақтардағы және көрші елдердегі әріптестерімізбен тығыз қатынаста боламыз. Себебі, қылмыс жасаған адам құқық қорғау органдарынан басқа мемлекеттерде бой тасалап жүретіндігі жиі кездеседі",- деп хабарлады Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Вадим Стрельцов.

Естеріңізге сала кетейік, ауыр және орташа ауыр қылмыстарды жасаған қылмыскерлерді іздестіру тиімділігін көтеру мақсатында 17 - 26 қыркүйек аралығында Алматыда "Іздеу" жедел-профилактикалық шаралар өткізілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны