13.01.2010, 15:56 3004

Алматыда кәмелетке толмаған екі баланы өлтірген күдікті Өзбекстан азаматшасы Ташкент қаласында ұсталды

Алматыда кәмелетке толмаған екі баланы өлтірген күдікті Өзбекстан азаматшасы Ташкент қаласында ұсталды

Астана. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Ташкент қаласында Алматыда кәмелетке толмаған екі баланы өлтірген күдікті Өзбекстан азаматшасы ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның айтуынша, Алматы қаласы ІІД-нің криминалдық полиция қызметкерлері Ташкент қаласының Ішкі істер басқармасымен бірлесе отырып, Ташкент қаласындағы сұлулық салондарының бірінде Өзбекстан Республикасының азаматшасы Барно-ой Абдуллаеваны ұстады.

"Бұл азаматша 4 желтоқсанда Алматы қаласының "Дорожник" шағын ауданындағы пәтерде өзінің жерлестеріне қатысты, яғни кәмелетке толмаған екі баланы өлтіргені және әйел адам мен кішкентай қызға пышақ жарақатын салып, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті ретінде мемлекетаралық іздестіруге жарияланған болатын. Қазіргі уақытта Абдуллаеваны одан әрі қылмыстық қудалау мәселесі шешілуде",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны